«Мекен тауым, мерей тауым» атты кітаптың тұсауы кесілді

Oinet.kz 10-11-2022 286

Қойнауы қазынаға толы, Қарт Қаратау етегінде орналасқан Қаратау ауылына биыл 60 жыл толып отыр. Ауыл тұрғындары бұл мерейтойды атаусыз қалдырмай, думандатып атап өтті.

Screenshot_1.jpg

Бұл мерейтойға арнайы келген ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев ауыл тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, ауылдың гүлденуі мен өркендеуіне еңбегі сіңген бірқатар ардагерлер мен азаматтарға аудан әкімінің және аудандық мәслихаттаң алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ ақындар айтысы, жазба ақындар мүшәйрасы, қазақша күрес, аламан бәйге ұйымдастырылып ауыл көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы мереке көркін қыздырды.

Жазба ақындар жыр мүшәйрасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудандық «Созақ үні» газетінің жауапты хатшысы Мақсат Қарғабаев бас жүлдені иеленсе, бірінші орынды Алма Тілеубаева, екінші орынды Ардақ Сейілбекқызы, үшінші орынды Байділдә Айдарбеков пен Қалижан Құрманов өзара бөлісті. Сонымен қатар ауылдың 60 жылдық тарихына қатысты деректерден құралған «Мекен тауым, мерей тауым» атты естелік кітаптың тұсауы кесілді.

Дүбірлі тойда қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды. 70 килограмда Шолаққорған ауылының тұрғыны Жеңіс Сәдуақасов бірінші орынды жеңіп алды. Түйе палуандық жарыста қазақша және белбеу күресінен спорт шебері Дәмен Дәурен түйе палуаны атанды. Сондай-ақ, құнан және аламан бәйге ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрі барынша ұлықталды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлделі орын иелері қомақты сыйлықтармен марапатталды.

Қаратау ауылының 60 жылдық мерейтойы аудандық және ауылдық көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, мереке көркін әнмен өрнектеді.

Байырғы еңбекшілер, совхоз басшылары, мекеме басшылары баяғы кеңестік кезеңді еске түсірді. Ауылға еңбегі сіңген Сексенбай Тұрысбеков, Сайлау Асқарбаев, Сәтбай Ізбалаев, Сатыбалды Жанұзақов, Аманғали Аймұрзаев сөз сөйледі. Ауылдың 60 жылдық тарихына қатысты деректерден құралған «Мекен тауым, мерей тауым» атты естелік кітаптың тұсауын осы кісілер кескен болатын. Сондай-ақ көршілес Қарақұр, Созақ ауыл округінің әкімі Ордабек Жәмиев пен Батыр Аяпов үй тігіп, меймандарды күтіп көршілік парызын өтесе, Ақсүмбе, Сарыжаз елді мекені да өз үлестерін қосты. 

Ауыл азаматтары Ермахан Оразхан, Іргебай Омаров, Қазақбай Жүмеков, Бақытжан Төлепбергенов, Ерлан Ашықбеков, Қалижан Құрманов, Төлжанбек , Ораз, Мейрам, Орынбасар, Саясат, Ерғали, Рахым және тағы басқа ауыл әкімшілігі қызметкерлері, мектептер, мәдениет ұжымдарына, барша ауыл жұртшылығына елдің алғысы шексіз!

Жастық ғұмырын еске түсірген қариялар мәз, бірнеше жылдан бері көріспеген әріптестер бірін-бірі көріп, ағайын-туыс, дос-жарандарымен құшақ жайысқан жалпақ жұртшылық тағы мәз-мейрам!

Қарт Қаратау бөктерінде орналасқан, әрі осы қазыналы алып таудың атын иеленген Қаратау совхозының құрылғанына 60 жыл толуына орай ұлан-асыр той, елдің береке бірлігінің арқасында үлкен дәрежеде өтті.

Негізгі емдік фактор - минералды су
Ұлы ұстазға құрмет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу