Партиялық емес байқау орталығының төрағасы кандидаттардың штаб басшыларымен кездесті

Oinet.kz 25-10-2022

Партиялық емес байқау орталығы республикалық штабының төрағасы президенттікке кандидаттар Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаевтың республикалық штабының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Партиялық емес байқау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_5.jpg

Кездесу барысында Төлеген Күнәділов Партиялық емес байқау орталығының қызметімен таныстырып, алдағы сайлаудағы міндеттері туралы айтты. Штаб басшысы байқаушыларды даярлау процесіне, сондай-ақ оларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

«Сайлау – маңызды оқиға және біз азаматтық қоғам өкілдері ретінде әділ дауыс беру үшін үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, заңның сақталуын, сайлаудың адалдығы мен ашықтығын қадағалайтын боламыз», - деп атап өтті ол.

Штаб өкілдері дауыс беру барысында заңдылық пен әділеттіліктің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың бастамасына қолдау білдірді және байқаушыларды оқыту мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.


Егемендік тілегі – елдің қайта түлеуі
Ынтымақ-бірлігіміз арта берсін

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×