Біркөлік шатқалы туристік нысандарға бай
Төле би ауданындағы туристік нысандар ең көп орналасқан Біркөлік шатқалындағы демалыс аймақтарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, кереметтері бар. Ал "Ұлы тау" демалыс орнының атмосферасы мүлдем бөлек. Демалушылардың сүйікті орнына айналған нысанның жан-жағы жасыл желекке оранған, айналаға қарасаң табиғаттың сұлулығына көз тояды.
Қонақтар үшін мұнда:
- ағаштан жасалған үйшіктер
- сауна
- екі бассейн
- тапшандар бар.
Бәрінен де қонақтардың "Ұлы таудың" ас мәзірі риза. шығыс тағамдары мен ұлттық астан дәм татқыңыз келсе, осында жол тартыңыз!
Балаларды да ертуді ұмытпаңыз. Олар үшін ойын алаңшасы жабдықталған
Байланыс нөмірі: 87015159911