Швейцарияға дес бермейтін табиғат

Oinet.kz 29-08-2022 417

ig-49fabfe4be92fc74b5e9ca51af34e50e758af218.jpg

Қазақстан  – өзінің туризм саласындағы әлеуетімен біраз жұртты таңқалдыра алатын деңгейде. Әсіресе Төле би ауданындағы Біркөлік шатқалдары Швейцариядан кем түспейді. Туристерді қашанда қызықтырып келген шатқал аңғарларында қазір демалыс аймақтары көбейген. Айталық  "TAU-Біркөлік" демалыс орны қонақтарын бей-жай қалдырған емес. 

Мұнда:

- Барлық жағдайы жасалған, жайлы коттедждер

- 12 метрлік үлкен және балаларға арналған бассейн

- Тапшан

- Ән салғанды ұнататындар үшін караоке бар. Немістің "Behringer" маркалы микрофондары дауыстың сапалы тарауына септігін тигізеді.

- Монша

- BBQ

Таза ауамен тыныстап қана қоймай спортпен шұғылдануды қалайтындар үшін футбол, баскетбол, волейбол алаңдары және үстел теннисі бар.

Мұнда балалардың да іші пыспайды. Себебі кішкентай бүлдіршіндерге арналған үйшіктер мен сырғанақтар балалардың демалысын одан әрі қызықты етуін қамтамасыз етеді. 

Ең бастысы демалыс орны шатқал мен жасыл желектің ортасында орналасқан. Көз тоймас табиғатты тамашалап, шатқалды аралап келсеңіз, тынысыңыз ашылып, ерекше әсерге бөленетініңіз анық. 

Демалыс орны Шымкент қаласынан шамамен 45 минуттық жерде орналасқан. 

Байланыс үшін: +77763190401

ig-ca35bc665e135ac1f839b7256884aa45b6cda84b.jpg


Тұмса табиғат, таза ауа, сапалы қызмет!
Әсем тауды көрдің бе...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу