Жаңа баспана іздеп жүрген Қайрат Нұртастың әйелі елді алаңдатып қойды (фото)

Oinet.kz 29-03-2021 7290

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова бала-шағасымен тұруға ыңғайлы үй іздеуде. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Жұлдыз Қайрат отбасы.jpg

- Жақында стористе балалардың өсіп қалғанын, бір бөлмеге сыймай, таласып қала беретінін айтқан едім. Сіздерден біраз кері байланыс алдым. Бұл жағдай бәрінің болмаса да көптің басында бар екен.

Қазіргі үйлердің сапасы сын көтере бермейді. Көршілермен бір үйде, бір бөлмеде тұрып жатқандай, дауыстары құлақтың түбінен анық естілетін де үйлер бар екен. Құрбым қалжыңдап “Көршілерде күнде концерт. Бүгін күйеуінің көңіл-күйі жоқ” деп бәрін біліп-естіп отырады. Қазақтың “Үй сыртында кісі бар” деген мақалын қазір тура мағынасында қолдана берсек болады.

Сонымен, сізден кеңес керек. Қалай ойлайсыз, көп балалы отбасы үшін жер үй ыңғайлы ма әлде көпқабатты үй тиімді ме?! - деп жазды Жұлдыз Абдукаримова.

Жұлдызға желі қолданушыларының бір тобы кеңес беріп жатса, ендігілері Қайрат екеуі ажырасып кеткен деп болжауда. 

- "Әр үйге,көп-көп қылып бала берсін, Балаға таудай талап, сана берсін.Бәрінің балалары өнерлі боп, Бақыты, барған сайын жана берсін.Әр үйге, сұлу мінез келін берсін, Келінге,адал-ниет,пейіл берсін.Ақ-көңіл, ата -енеге мейірімді боп, Қызығын, бала-шаға түгел көрсін.Жаныңда, жақсы көрген көршің болсын.

Көршіңіз жақсы болса, бейне -төркін. Ағайын, туған- туыс жекжаттарың, Баршасы сау - саламат, өсіп- өнсін", "Жер үй ыңғайлы деп ойлаймын! Біздің өзіміз 3-баламен қуыстай 2-бөлмеге симаймыз уже. Алла бұйыртса көп балалы болсақ көп балалы деген бағдарламамен үлкееен үй аламыз деп армандап жүрміз. Қазіргі біз секілді жас отбасыларға өте қиын квартирада тұру! Сосын амал жоқ аналар балаларын тастап жұмысқа шығуға мәжбүр болады! Қиын заман болып кетті ғой барлық нәрсе қымбат квартира, продукта бәрі қымбат!", "Қайрекеңмен ажырасып кеттіңіз бе Жұлдыз ханым", "Ең ыңғайлы балаларға- Басты әкесінің қасында болу, Анасының алақанында болу!!! Жер үй болсын, пәтер болсын, Ата- анасы жанында болу- әр балаға бақыт!", "Күйеуіңіз қайда?" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

«Жемқор» - деп айыптағандар заң алдында жауап береді» - Сәкен Майғазиев
Әнші Нұрболат Абдуллиннің әкесі өмірден өтті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу