Еркекке тоймайды екен. Үржарда бір сайқал келіншек тұрады (болған оқиға)

Oinet.kz 17-08-2024 7827

Мына бір оқиғадан кейін өзге қыз-келіншек тұрмақ, өз әйеліме де күдікпен қарайтын болдым. Неге дейсіз ғой?

Screenshot_16.jpg

Жағдай былай: жақында «жаздың шіліңгірінде Алматыда сасып жата бермейік» деп отбасымды алып Алакөлге тартып кеттім. Онда да көлдің Үшарал жағы емес, емдік қасиеті мол ар жағы, яғни, Үржар, Мақаншы, Қабанбай (бұрынғы Жарбұлақ) жағы.

«Сайран» автобекетінде ол жаққа жүретін автобустарда орын болмаған соң, барахолхадағы «Арлан» деген базардан Алакөлге автобус жүреді дегенді естіп, сол жерден отырдық.

Сонымен қойшы, қатыным, үш балам улап-шулап арт жақтан тиген орынға отырып, «ух» дестік. Мұны қойшы, біздің көлге баруымыз басқа әңгіме.

Автобуста болған мына бір жағдай көңіліме жақпай қалды. Автобус бірден жүріп кетпеді. Жолаушылар жинап біраз тұрып қалды. «Жүргенше далаға шығып ауа жұта тұрайын» деп автобустың көлеңкесінде тұрғанмын. Айнала қаптаған жұрт.

Бір уақытта үріп ауызға салғандай сұлу бір келіншек пен бір жігіт автобустың жүргізушісімен келіп сөйлесті. Байқап тұрмын, орын сұрап жатқан сияқты. Жүргізуші бар деді. Жігіт жүк салынған сөмкені багажға салды. Келіншек ішке кіріп орнын көріп шықты. Шамасы, келіншек жол жүріп бара жатыр. Ал жанындағы жігіт шығарып салушы секілді.

Бір уақытта жүргізуші сыртта тұрғандарды ішке кіруге шақырып, жүреміз деді. Сол-ақ екен жаңа ғана сөйлесіп тұрған әлгі келіншек пен жігіт құшақтасып сүйісе кетсін. Айналада тұрғандарды елеп жатқан жоқ. Дәл қасында тұрғандықтан ба, сөйлеген сөздері естіліп тұр. «Тезірек кел, сағынамын» деп қояды жігіт.

«Ары кетсе бір апта ауылда боламын. Сен звондап масқарамды шығарып жүрме. Өзім реті келген уақытта хабарласып тұрамын», деді келіншек. «Е-е, күйеуі мен келіншегі болды ғой» деп ойладым да қойдым. Содан не керек, жүріп кеттік.

Әлгі келіншекке дәл алдымдағы орындықтан орын тиіпті. Орындық екі адамдық болғандықтан жанындағы орынға жасы біразға келіп қалған ұзын бойлы бір ер адам жайғасыпты. Артында мен және әйелім. Одан кейін балаларымыз. Сонымен жүріп келеміз. Жол ұзақ.

Алматы мен Алакөлдің арасы кем дегенде мың шақырым. Талай елдімекен артта қалды. Автобустағы жағдай белгілі ғой. Дәм бұйырып бірге отырып қалған соң, амалсыз жаныңда отырған жолаушымен тіл қатысып, сөйлесесің. Танысасың дегендей. Әйелім жол соқты болып шаршады ма, ұйықтап кетті.

Менің көзім алдымда отырған әлгі әдемі келіншекте. Ол болса жанындағы ер адаммен әп-сәтте тіл табысып, танысып, сөйлесіп кеткен секілді. Екеуі әлденені айтып күлісіп қояды.

«Мына еркектің аузының салымы бар екен» деп ішімнен қызғанып қойып отырмын. Дәл алдымда отырған соң, екеуара әңгіменің кейбір сөздері естіліп қалады.

Ұққаным, келіншек Алматыдағы бір шағын кәсіпорында бухгалтер екен. Отбасы ауылда көрінеді. Шамасы, олар бұдан біраз уақыт бұрын кетіп қалған секілді. Ал келіншек бітпей жатқан жұмыстарын бітіріп, енді шыққан.

Әрине, біреудің сөзін аңдып, тыңдап отырған ыңғайссыз. Бірақ бәрі көз алдымда болып жатқан соң, құлағымды қалай бітейін, көзімді қалай жұмайын?

«Ойпырмай, әлгінде шығарып салған жігіт кім болды екен? «Сағынамын, тез кел» деді.Әй, мына келіншек сау сиырдың боғы емес-ау. Анау көңілдесі болды ғой онда.

Өйткені күйеуім мен қызым ауылға ерте кетіп қалған деп отыр ғой. Апырай ә» деп біртүрлі болып қалдым. Жолда автобус бір елдімекенге тоқтап, жолаушылар тамақтанып алды. Ары жүріп кеттік. Кеш батып, автобус іші қараңғы тартты. Жұрттың көбі ұйықтап кеткен. Менің де көзім ілініп кетіпті. Автобус бір шайқалғанда оянып кеттім. Бірден алдымда отырғандарға қарағанмын. Не көрді дейсіздер ғой.

Әлгі әдемі келіншек пен жанындағы бөтен еркек жабысып, сүйісіп отыр. Өз көзіме өзім сенбедім.

Әлгінде ғана жанындағы еркекке «күйеуім мен қызым күтіп алады деп отырған сияқты еді, енді мұнысы несі? Алдымдағы екеу еш қымсынбай ыстық сүйіске батып отыр. Ана еркектің де жасы біразға келген. Отбасы бары белгілі. Өйткені әлгінде әйеліне ме, әлде баласына ма, «жақсы, келе жатырмын, алаңдамаңдар» деп есеп беріп жатқан.

«Жақсы келе жатқаны» белгілі. Бөтен біреудің әйелін құшақтап, өліп-өшіп отыр.

Ал мына келіншек автобусқа мінерде өзгемен өліп-өшіп сүйісті. Енді міне, тағы біреуді тауып алып, құшағында отыр. Бұл не қылған әйел, күйеуі бола тұра еркектерге тоймайтын, мына еркекке жол болсын, қазір барып, қатынын құшақтап, «сені сағындым» дейді-ау, сүттен ақ, судан таза болып.

Неткен жиіркенішті! Шыдай алмай жөткірінген болдым. Бірақ құшақтасқан екеу оны пысқырмады да.

Содан түн ортасында автобус Үржар деген елдімекенге тоқтады. Біраз жұрт сол жерде түсіп қалды. Әлгі келіншек те сол жерден түсті. Бізге әлі біраз жүру керек екен. Темекі тартып, құрысқан денемді жазайын деп сыртқа шықтым. Әлгі келіншекті күйеуі мен қызы, тағы біреулер көлікпен күтіп алып, жүгін салып жатыр екен.

«Мама, сені қаттты сағындым» деп томпаңдап келіп мойнына асылған бес-алты жастағы кішкентай қызды көтеріп алған келіншек: «мен де сендерді қатты сағындым. Жол бойы ұйықтамай сендерді ойлап отырдым», деп қояды.

«Әй сайқал, неге өтірік айтасың. Балаң мен күйеуіңді сағынған жоқсың. Өзге еркекпен сүйісіп отырдың емес пе», деп айқай салып, аузынан бір ұрғым келді.

Байқатпай видеоға тартып алсамшы, деп өкініп қалдым. «Міне, сені мамаң осылай сағынды» деп көрсететін деп бір ойладым.

Автобус Алакөлге қарай жүріп кетті. Бірақ ойымнан әлгі келіншек кетпеді. Неткен опасыз, жүргіш қатын еді.

Шындығында қазір осындай «тауық махаббат» құратын қыздар да, келіншектер де тым көбейіп барады. Бұл үлкен дертке айналып кетпесіне кім кепіл? Осы оқиғадан кейін қойнымдағы қатынымда да күдікпен қарайтын болдым. Алыс жолға жалғыз жібере қоймаспын.

Сіз ше, әйеліңізге сенесіз бе?

Енем атамның жылы өтпей жатып, жас жігіт тауып алды
Қайын атам құшақтап, сүйіп жабысады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу