17 жасымда «2 рет ажырасқан» деген атақ алдым

Oinet.kz 01-08-2024 1685

Ол кездері мен 15-те едім. 15 жасымда алып қашты. "Енді ел не дейді?",- деп ата-анам тастап кетті. Ауылдың баласы алып қашты. Ата анам қалдырып кетті. Сол кезден келіндік өмірім басталды. Жақсы өмір сүріп келе жатқан едік.

Screenshot_5.jpg

Аяғым ауыр екенін білгенде енем үйден қуып шықты. Жолдасым да маған қарсы шықты. Үйден қуып қана қоймай 102-ге звондап "үйімде 16-ға толмаған келінім бар", - деп арызданып қойды. Сол кезден бастап бізді сот орындаушылары шақырып, РОВД-ға бара бастады. Жолдасым соңғы сотқа дейін мені алып қашқанын, бала онікі екенін мойындап келді. Шымкент қаласында 4-5 сот болды. Сосын Түркістан қаласына жіберді. Ол жаққа аяғым ауыр күйімде барып жүрдім. Жолдасымның ағалары звондап қорқыта берді. Сені өлтіреміз балаңды да өлтіреміз деп. Мен қорыққан жоқпын дальше соттарға барып өз шындығымды айта бердім. Сомен соңғы сотта жолдасым "бала менен емес, менің балам емес" деп мойындамай қойды. Сомен жүріп мен жеңіп шықтым. Арасында енем қанша рет келіп ақша ұсынды. Кешірім сұрады. Мен ақшасын да алмадым, кешірген де жоқпын.

Сол жүргенімізбен 9 ай жүрдік соттасып. 1 рет те баласын сұрамады. Тіпті көрмеді де. Соңғы шешуші сот болатын кезде, ол өзіне қол жұмсады. Өзін асып қойды. Бірақ әкесі уақытылы тауып, құтқарып қалды. Мен ұл босандым. Сонда сотта оған 11 жыл 3 ай берген еді.

Олар ақша беріп 8 жылға түсіріп алды. Кейінірек тағы ақша беріп 3 жыл 9 айға тусіріп алды. Ол қамалды мен 16 жасымда босандым. Әке-шешем көмектесіп жүрді. Арадан 2 жыл өтті олар бір рет те немерелерінен хабар алған жоқ. Сомен амнестия дегені шықты жаңа жылға. Сол кезде звандады кешірім сурады. Мен баламның әкесі ғой деп кешірдім. Тағы сөйлесіп жүрдік. Сомен ол шығу үшін ғана менімен сөйлесіп жүрген екен. Оны біліп мен тоқтатып тастадым сөйлесуді.

Сомен 1.5 жыл жұмыс істедім. Баламды бақтым. Күні-түн жұмыс істедім. Сомен араға бір танысымыз түсіп, менен 16 жас үлкен кісіні тапты. "Тимеймін" десем де мамам қоймай соған берді. Баламмен әкетті. Содан тойдан кейін оның наша шегетінін біліп қалдым. Қатты ішіп алып мені, баламды ұратын. Мама "ажырасуды ойыңа алма" дегеннен кейін шыдап жүре бердім.

Мені ұрғанымен қоймай, баламның қолын пешке күйдірді. Содан кейін шыдай алмай, үйге тағы да қайттым. 17 жасымда "2 рет ажырасқан" деген атақ алдым. Сонымен нағашы ағам өзінің дос баласымен айттырды. Ол да менен 16 жас үлкен еді. Онымен кездесіп көрдім. Ол маған қатты ұнады. Өміріміз ұқсас еді. Көп өтпей, 20 күннен кейін некемізді қидық. Баламен бірге әкетті. Мен оны ұнаттым. Сыртқа қатал көрінгенімен, менімен өте сыпайы сөйлесті. 1 көргеннен ғашық болдым десем де болады. Намаз оқитын, ішпейді, шекпейді. Шүкір 3-ші жарымнан адаспадым. Ауырып қалсам, маған қарайды. Тамақты да істейді. Ауруханаға түсіп қалсам, киіміме дейін жуып әкеледі. 

Оған тигенде 17-де едім. 7 ай көтере алмадым. Өйткені суық жерде істеп, суықтап қалған едім. Ол мені емдетті. Бәрін өзі алып берді. Қазір 19-дамын. Әлхамдуллилях бақыттымын! Баламды өз баласындай көреді. Көңіліме қарайды. Жақында тағы да ата-ана атандық. Өте бақыттымыз. Бірінші отбасына да, керек дүниелерін әперіп тұрады. Мені өзі оқытты. Сертификаттарымды алып берді. Бір маман иесі атандырды. Қиын кезде қолдады. Қазір мен 19-дамын, ол 35-те. Құдайға шүкір еркелігімді көтеріп, еркелетеді. Біз үшін бәріне де дайын.

Менің айтқым келетіні әрқашан да өздеріңізге дұрысын істеңіздер. Әр әйел бақытты болуға лайықты. Жұрт не дейді деп ойламаңыздар. Олар айта береді. Жаңа қадамм басуға қорықпаңыздар. Бірінші, екінші жолдастарымнан көрген азаптың бәрін ұмыттырды. Өздеріңіз үшін өмір сүріңіздер. Балаларыңызды ойлаңыздар. Отбасында зорлық-зомбылық болса, керекті жерлерге хабарласыңыздар. Өздеріңізді қорғаңыздар.

Ляззат Ракишева 

instagram парақшасынан

Ауылдан келген қыздар қалада қалай бұзылды?
Ақылы келте абысынымды қайтсем болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу