Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Инстаграм желісінде әйелдерге арналған парақшада аты-жөнін жазбаған келіншек басынан өткен оқиғасын айтып, көпшіліктен кеңес сұраған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Әйелдің айтуынша ол күйеуінің досынан зорлық көрген.
"Менің ішіме сыймай жүрген жағдайым бар. Тұрмыс құрғанмын, жұмысым бар тұрақты, мұғаліммін. Күйеуім де жап жақсы, артық қылығы ісі жоқ. Бір бірімізді сүйіп қосылдық. Ендігі мәселе, мен жұмыс бабымен қалаға семинарға бардым 3 күнге. Барып қонатын ешкіміміз болмаған соң, күйеуімнің досының үйіне барып қондым. Квартира снмать еткенге ақша теңгенің ыңғайы болмады. Күйеуім ауылда екі баламды алып қарап қалды. Содан не керек үйіне бардым, ол досының 2 баласы бар. Екі ұлында да аутизм диагнозы қойылған. 1ші күні бәрі жап жақсы болды, жақсы қарсы алып алды. Екінші күні әйелі кешкісін балаларының басын ұйықтатып тексертуге апарды. Оның жолдасы да бірге кеткен болатын. Мен үйлерінде жалғыз қалдым. Содан күйеуі оларды апарып тастап қайта қайтып келіпті. Сағат 11лер шамасында где то, мен жатып қалғанмын. Кіріп келіп денеме қол жүгіртіп, мүшесін шығарып зорламақшы болды, даже зорлады десем де болады, айқайладым. Содан сүйтіп жүріп үйден қашып шықтым да, әйелі келгенше сыртта отырдым. Әйелі келіп сыртта отырғанымды көріп не болғанын сұрады. Айта алмадым. Бірақ күйеуі телефонмен звандап мен бірінші жабысты, есі дұрыс емес қатын анау мынау деген әңгіме айтылыпты. Ол туралы білмес едім. Ертесі күні соңғы күн болып семинардан соң олардың үйіне бармай сразу қайтып кеттім ауылға. Денем бәрі көгеріп қалған, қолдарым, сандарым. Сүйтіп жүріп үйге де жеттім, күйеуіме келіп ештеңе айтпадым. Айтуға қорықтым. Көгергендерді көріп не болды деп сұрады, білмейм деп жауап бердім. Ішімдегіні айтып жеткізе алмаймын. Солай 4 күн өткен соң ақшам түсе салысымен бала шағамды алып төркініме кетіп қалдым. Ажырасуға жазып қойдым. Күйеуіме қарай алмаймын, қараған көрген сайын досы есіме түсіп көз алдымда тұрады. Қалай жағдайымды айтарымды білмеймін. Өз өзімнен жиіркенемін қатты",- дейді келіншек.
Келіншек өзі кінәлі болмаса да күйеуінің алдында өзін ыңғайсыз сезінетінін жазды. Бірақ күйеуін жанындай жақсы көретінін де айтады.
"Мен бұл жағдайдан қалай шығарымды білмеймін. Кімге барып кімге айтарымды да білмеймін. Жолдасымды жақсы көремін. Бірақ өзіме деген жеккөрініш оған деген сыйластығымды сүйіспеншілігімді жер қылады. Менің кетіп қалғанымды естіп жаңағы досының әйелі звандады маған. Күйеуімді кешірші, үстінен арыз жазбашы, күйеуіңе де айтпапсыңғой. Ол бізден сұрап жатыр бәрін деп жылап звандайды. Тыңдарымды тыңдадым да телефонды өшіріп қойдым. Содан ешкіммен сөйлескен жоқпын. Үйге де келді жолдасым, шықпадым. Балаларды көрсетуге сіңілім алып шығып жүр. Ақылдарыңызды, кеңестеріңізді айтыңыздаршы. Не істеймін мынандай жағдайда. Жолдасымның досына да үстінен арыз жаза алмаймын. Олардың бала шағасын емдету керек. Оларды бір ойлаймын, өзімді бір ойлаймын. Басым шарадай болды",- деп жазды ол.