Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бойдақ кезімде өз нəпсіме ерік беріп, зинаға барып қойғаным үшін əлі күнге дейін өкінемін. Қарапайым жұмыскермін, сантехникпін. Жастайымнан сол бағытта күн көрудемін. Көбінесе таныстарыма арзан бағаға қызметімді атқарамын. Тұрмыс тіршілігі жағдайы нашарларға тегін жасауға тура келетін. Солай бойдақтық өмірмен неше түрлі пəтерлердің құбырын тазартып, əжетханамын орнына келтіретінмін.
Күндердің күндерінде 3 баласымен жолдасынан айырылған келіншектің пəтеріне қол ұшымды тигізіп бар көмегімді көрсетіп жүретінмін. Ол кезде өз басымда пəтерде болмаған. Жақын танысымның қирап қалған жерінде қонып түнейтінмін. Уақытым болмағандықтан көшеден тамақтанып, таныстарымның үйінен аптасына бір рет шомылып жүрдім. Əлгі жесір əйелге де тегін қызметім атқарыпта үлгірдім. Ойымда біреуді пайдалын кету дегеннен аулақпын. Бірақ сол əйелді арбауына түсіп онымен болып қойғанымды білмей қалдым. Өзі шақырды, мен бардым. Сыланып боянып алдымнан шықты. Бар сəнді киімін киіп. Жəне түскі аспен тамақтандырып маған өзі жабыса кетті. Мен өз өзімді ұстай алмай қалдым.
Сол күні ол əйел өз айласын іске асырды. Мен сол күнен кейін өкінумен болдым.
Одан кейінде зинаға шақырды, мен бірден бас тарттым. Бұл шын сөзім. Қолымдағы ақшамды көмек болсын деп ол əйелге тастап ештеңе айтпай кетіп қалдым. Ол əйел менен 16 жасқа үлкен еді. Кейін басқа қалаға көшіп кеттім. Номерімді ауыстырдым.
Баяғы қу тіршілігімді жалғастырдым. Кішігірім біреудің времянкасын жалдадым. Күнделікті қайталанатын өмір басқа қалада да болды. Бойдақ болғасын ас əзірлеуге де уақыт болмайтын. Үйдің маңындағы дүкендерден дайын тамақты сатып алып сонымен шаршап ұйықтап қалатынмын. Солай бір бейтаныс сатушы қызға көзім түсті. Бірден араласып кетпесемде дүкенде соны көретінмін. Əйтеуір амандасып жымиғаны маған ұнайтын. Қалай жақын танысарымды бөлмей, күнде кешкісін сол қыз сатып отыратын дүкенге əдейі соғып саудалап кететінмін. Екі ай шамасында мен ол қыздың номерінде алдым. Жеке сөйлесуді де бастадым. Тең теңімен дегендей. Ол қызда қарапайым күн көріп жүрген сатушы. Менің жағдайыма қарамай жақын араласуыма мүмкіндік берді. Екі айдың ішінде ол қыздың көңілінен шықтым. Бірақ ол маған бар шындығын айтып ішкі ойын ақтарды.
Жақында ажырасқан. Өзі екі қабат. 3 айлық. Сырттан қарағанда мен оны аңғармадым. Бірақ оның ажырасқанына қарамастан мен бірге тұруды ұсындым. Солай бірігіп пəтер жалдадық. Үйлендік той жасамадық. Оны естіген əке шешем қарсы болды. Мен олардың қарсылығына қарамастан ол қыздан бас тартпадым. Көб болса жасы 20 дан енді асқан. Менен 4 жасқа кіші. Бірінші күйеуі тастап кеткен бала менікі емес деп.
Қазір өкінбеймін əйеліме. Мейлі қыз болмай шықсада маған. Өз басым ол тақырыпты қозғап онымен ұрысқан емеспін. Екеумізде таршылық көріп өскенбіз. Ең басты мен оны сүйемін. Оның өмірін айтатын болсам өте ұзақ болып кетеді. Анам алғашқысында əйеліме тиісіп отыратын. Қазір олай емес. Əйелімнің мінезі алтын. Солай сабырлы мінезімен анамныңда көңілін тапты.
Осы таңдауым үшін өкінбеймін. Бəлкім күнəмді жуып шайылар деген үміттемін.
Менің істеген ісім дұрыс емес. Зинақорлықты дұрыс демеймін. Кейбір кезде өзімді іштей жеп тынамын. Жəне тағы айтарым. Біреудің жазықсыз қызын тастамайық. Олар біреудің қарындас əпкесі қызы.
Психолог Жарқанаттың хатынан
8 707 922 90 85