«5 жылға сотталып жатырмын деп пәктігімді алды»: 18 жастағы қыз көмек сұрады

Oinet.kz 04-06-2024 2038

Ләззат Мұқашеваға 18 жастағы бойжеткен хат жазып, пәктігінен қалай айрылғанын баяндап, көмек сұраған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_29.jpg

Хат иесі 16 жасында басынан өткен оқиғаны баяндады. Жалғыз шешесі мен әжесі барын айтқан бойжеткен 9-сынып тәмәмдаған соң басқа қалаға оқуға кетуге шешім қабылдаған екен. Бірінші курсты бітірген ол ауылға демалысқа келгенде бір жігітпен танысыпты.

"Телеграм арқылы сөйлесіп жүрдік. Ол менен 5 жас үлкен болды. Солай ол жігіт кездесуге шакырды 10 кундей қашып жүрдім жок шыкпаймын деп, өзім жабык тұйык кыз болдым. Далаға көп шықпайтын. Солай бір күні шықтым, сөйлесіп жүріп кайттык. Бірінші көргенде ұнаттым. Әдемі, ақжарқын, ақкөңіл жігіт боп көрінді. Ол қыз бен жігіт болуға ұсыныс тастады. Мен келістім. Жүріп жүрдік солай. 1 ай болар болмастан «саған үйленем, 18-не толғасын сені алам. Мамама суретіңді көрсеттім, анау-мынау» деп уәде бере бастады.  Содан оның әкесін біреу ұрған. Әкесін ұрған адамды ұрған. Сөйтіп таяқ деген кісі арыз жазған. 5 жылға сотталуға кетейін деп жатырмын, екеуміз жатамыз, саған сенбеймін. Мен келгенше тұрмысқа шығып кетесің деді. Мен келіспедім. Қалаға кетуге бір күн қалғанда сені алам, үйленем деп тиісіп қойды. Мен паника боп жылап. Түнші 12-ге дейін жүрмейтін едім. Жүріп қалдым жылап. Ол тиіскен соң қарамай кетіп бара жатыр далада бірдеңе бірдеңе деп. Мен жылап артынан келе жатырмын тоқташ деп. Сосын әжем, сіңлім мені бәрі іздеп жатыр екен. Көшеде алдымнан шықты. Жылап келе жатқанымды көріп, «не болды?» деді. Тиісті деп сөйлей алмай тұрдым. Ақымақ болғанмын ба оған сені. Өкінемін әлі. Солай әжем естіп, шапалақпен салып қалды оны қызыма үйленесің енді деп. Ол «жоқ үйленбеймін, тиіспедім оған» деді. Полицейлер кеп «үйленем, үйленем» деп қорқып кетті", - деген ол еттеккірінің кешіккенін, кейін 6 апталық дүкті боп қалғанын айтты.

Ал оны алам деген жігіт баланың өзінен екеніне күмәнмен қарайтынын айтып, түсіп қалады срогы кішкентай болса деген екен. Содан УЗИ-ге барғанда баласының жүрек қағысы тоқтағанын, түсік тастауға тура келгенін айтты бойжеткен.

Содан бері қанша уақыт өтсе де,  әжесі «байдан қайтып келгенсің» деп бетіне болған жайтты салық қып басып отыратын көрінеді.

"Солай күндерім жылаумен, депрессиямен өтті. Туысқандар, жұрттар, сыныптастарым, кһршілерім мен туралы өсек айтқанын іштей сезіп жүрдім. Ләззат апай, шыны керек өкінем бәріне. Неге сендім. Неге алдандым. Неге арымды таптаттым екен деп. Көңілге тиеді екен. Өлгім келеді. Алладан қорқам. Ендігі өмірім не болмақ? Соны ойлап ішім қынжылады. Пәк емеспін, ешкімге керек емеспін деген ой мазалайды" , - деген ол жұрттан көмек сұрады.

Бұрынғы жігітіме көңілдес болдым
«Саусағымен»: Алматылық келіншек әкесінің бойдақ інісі қалай зорлағанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу