Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен 27 жастамын. 23 жасымда 4 жыл жүрген жігітіме тұрмысқа шықтым. Бір-бірімізді қатты сүйдік. Нәпсіқұмарлықты тыйып қыздық абыройыммен босаға аттадым.
Ата-енем жақсы адамдар. 1 жылдай бала көтере алмай жүрдім. Ел-жұрт қаншама өсектеді. Алланың құдіретімен 25 жасымда ұлды болдық. Күйеуімнің қуанышында шек болмады. Содан Алла екінші жүктілікті нәсіп етті. Жүктілік кезеңімде бәрі жақсы болған, ай күнім жетіп перзентханаға бардым. Бірақ ұлыма ауа жетіспеушілікпен туылып, үш ай реанимацияда жатып шетінеп кетті. Қатты соққы болды. Күйеуіміз екеуміз қосылып көп жылайтынбыз.
Сөйтіп жүргенде байқамай қалып тағы аяғым ауыр екенін білдім. Екінші ұлыммен арасы 3 ақ ай. Түсік жасатайын десем екінші ұлым қайтып кеткенге алладан қорықтым. Организмім шаршаған, жатыр әлсіз. 2 айда УЗИ-ге түскенімде түсіп қалайын деп тұр, ауруханаға жат деген. Мен жұмыстан шыға алмадым. Күйеуіңмен қосылуға болмайды деді. Содан Алланың көмегі шығар қазір төрт ай болды.
Бірақ күйеуіммен төсек қатынасы үшін көп ұрысатын болдық. Кейде түсінеді, кейде түсінбейді, неге жұрттың әйелдері ештеңе болмай-ақ туып жатыр ғой дейді. Ал менде 3 айға дейін қан келіп жүрді. Енді 4 айға да жетіп қалдық, жыныстық қатынастан балаға қауіп болуы мүмкін бе. Күйеуімді де суытқым келмейді бірақ бала да керек. Өмірде ащы мен тұщы қатар жүреді екен
Аноним