Жездемнен әрең қашып құтылғанымды әпкеме қалай айтамын?

Oinet.kz 01-06-2024 1500

Мен ешкімге айта алмай жүрегн бір жағдай бар еді. Маған ақыл-кеңес қажет. Бүгін әпкемнің үйіне қыдырып әрі бір жағынан балаларына қарасуға келген едім. Енді түнде ұйықтайыншы деп жатсам, төбемнен жездем қарап тұр. Шошып кеттім. "Не істеп тұрсыз?" десем, "Балдыз телефонымды көрмедің бе?" дейді. 

Screenshot_8.jpg

Көрмегенімді айтып ем, екі қадам аттап келіп, "Балдыз, мен сені жақсы көрем, ерніңнен бір сүйейінші" демесі бар ма? Мен шошып кеттім. "Айқайлаймын, шық бөлмеден" десем, "Айқайлай бер, әпкең ұйықтап жатыр, естімейді", дейді. Есіктен атып шығып, қарсы тұрған бөлменің есігін қақтым да, әпкемнің ұлын оятып, "қасыма жатшы, қорқып тұрмын" деп өтірік айттым. Содан бөлмеге келсек, құдайға шүкір жездем жоқ. Ініме "сен бара бер болды, мен есікті құлттап ұйықтай беремін" дедім. Інім кетіп қалды. 

Енді сол өзім де түсінбей отырған жездемнің қылығын , ұят-ай, әпкеме қалай айтамын? Мен әпкеме көп келмеймін. Себебі, олар бізден алыс аулыда тұрады. Мен қалада әке-шешеммен, ағаларыммен тұрамын. Мен ашық-шашық киім кимеймін. Жездемнің бетіне тура қарап сөйлемеймін. Сәлемдесем де қоямын. Жұрттың балдыздары ұқсап, қалжыңдаспаймын да. 

Намазға келсем, шатасам ба деп қорқамын
10 сынып оқып жүргенімде еңгезердей жатыпішер біреу тағдырымды құртты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу