Туған ағам мені ұрып-соғып өсірді. Сол үшін ағамды жек көрдім

Oinet.kz 06-05-2024 1065

Бір үйде 14 қыз 1 ұлмыз. Анам мен əкем жұмыс істеп бізді асырады. Əкем вахтада. 30 күн жұмыста, 30 күн үйде. Анам мектепте мұғалім. Анамыздан 8 құрсақ тарағанбыз. 

Screenshot_10.jpg

6 қызды асырап алғанбыз. 6 қыздың əке шешесі жол апатынан қайтыс болғасын асырап алуға тура келді. 

Үлкен ағамның есімі Хасен. Біздің тəрбиеміз үшін жауапкершілікті өзіне алған. Əке-шешемнің бізге шаруасы жоқ. Арамыздағы айғай-шу мен ұрыс-керістің барлығын Хасен шешеді. Қыздар көп болғасын таласып, тартысып қалатын жағдайда жиі кездеседі. Хасен ешқашан таңдап талғамайтың. Ұлдың да қыздың да шаруасын істейді. 

Ол ешқашан бізді туған күн немесе кешкі отырыстарға жібермейтін. Көшеге ашық-шашық киініп шыққан күні жазаланатынбыз. Мектеп формасының өзінде етегі ұзын көйлек киетінбіз. Үй шаруасын орындалмаған жағдайда сөз еститінбіз. Бəрімізді əскер сарбазы секілді бір қатар тұрғызып қойып өз жазасын жүргізетін. Саусақтарымыздың ұшынан шыбықпен ұрған кездерде болды. 

Қатал тəртіпке шыдамағананның себебінен, өмірге келгенге өкініп қалған кездерде болды. Мен жастық шағымда ағамнан қорқумен өттім. Өмірі менімен жұмсақ сөйлескен емес. Өзі мүлде көп күлмейтін. Кемінде жылына екі рет таяқ жеген кездерде болды.  Есейіп бой жеткен шақтада, екі аяқпен тік тұрып жазалғанбыз. Жарақат алатындай ұрған емес. Бірақ шапалақпен екі ұрғанда есімді жиып қалатынмын. Амал жоқ арасында қыдырғым келгенде, кешігіп келгенім үшін болған осы жағдай. 

Мен үшін бұл күндер өтпейтін көрінетін. Бөтен үйге қонуға да жібермейтін, тіпті ағайын туысқандар болса да. Көб болса қонаққа барамыз, оның өзінде ағамның қадағалуымен. 

Бір күні ағамның кеткенін пайдаланып армансыз ойнадық. Бір-бірімізге жастық лақтырып үйді шаштық. Біз жабайы қамаудағы қораздар секілді, бостандықтың дəмін өмірі сезбегендей шуладық. Менің сол кезде есімнен кетпес. Анам ол кезде жұмыста еді. Жəне анамыз мүлде ұрыспайтын, мінезі қойдай момын. Келесі күні ағамыз келіп бəрімізді қатты жазалады. Кіші сіңілдерімді ұрмайтын, бірақ оларғада ұрысатын. Баяғы біз таяқтың астында қалатын. Менен үлкен əпкемнен бастап, көбісі таяқтың дəмін татып шығатын. Сол күні шыдамай қарсы сөйлегенім үшін, қосымша жазаландым.  Кейін үйден қашып кетіп қалдым өзен жағасына. 

Таң ата үйге келдім. Үйге кірсем ағам ұйықтамаған. Қайда жүрсің деген дауыспен қарсы алды. Мен қырсығып үндемей тұрдым. Сол кезде мен өз-өзіме қол жұмсағым келді. Үйден қайта шығып қораға кіріп кеткенде, ағам тоқтатып қалды. Сол кезде ғана ағам менімен бетпе бет сөйлесті. Қолынан келгенше жұбатты. Не дегенмен көп болса 4 жас үлкен. Менің ашуыма тиетін, 17 жасқа келсемде əлі күнге дейін таяқ жеуім. Одан кейінде оның қол көтеруі қайталанды. Бірақ мен сөз қайтармауға тырысқасын, ол көп жазаламайтын. Əкемнің өзі ол жайында білсе де. Хасен өз дегенін орындайтын. 

Бұрын осы ағамның қатал тəртібі мүлде ұнамайтын. Мен жек көрген нəрсе, мен үшін үлкен жақсылық болып келді. Қазір тұрмыстамын. Ар ұятымызды сақтап қыз болып шықтым. Əке шешеміздің өзі біздің тəрбиемізге кіріспесе де. Ағамның таңдаған адамына тұрмысқа шықтым. Өзі рұқсатын беріп өзі таңдау жасады. Қазір өкінбеймін. Жолдасым мүлде ішімдік ішпейді, бөтендерге бармайды. Қанша жыл ағам мені ұрып соқсада, мен үшін дұрыс таңдау жасауға көмектесті. Қазір менен кейінгі сіңілдерім де ағамның тəрбиесінде. Ағам сол үлкен шаңырақты басқаруда. Отбасы құрсада бізбен байланысын мүлде үзбейді. Əлі күнге дейін қорқамыз ағамыздан.

Психолог Жарқанаттың хатынан

Мен сияқты бұзылған қызды алған жігітке алғысым шексіз
Әпкем мен жездем айрандай төгілгелі тұрған абыройымды сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу