Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен күйеуіме екінші әйел іздеймін. Асып-тасып, еріккеннен іздеп отырған жоқпын. Ортамызда бала жоқ сол үшін. ЭКО-ға жарамаймын, суррогат ананы да көрдік, ақшасын алғасын лақтырып кетті.
Енді шынымен екінші әйел болуға келістін қыз керек. Ата-енем, күйеуім, тоқалы бәріміз бір шаңырақ астында тұрамыз. Жеке мен жақтан ешқандай проблема болмайды. Өз басыма жауапкершілік алып тұрған соң, өзім де ренжітпеймін, өзгеге де ренжіткізбеймін. Айтпақшы күйеуім де, мен де 93 жылғымыз. Артық сөз қажет емес. Өз басына түспегесін түсінбейді ешкім.
Сол күйеуіме екінші әйел болып тиетін, бала туып беретін, менімен бір шаңырақ астында тұруға көнетін қыз болса, жазып өтіңіздер. Өзім жекесіне шығамын.
Нұрила, Алматы қаласы