Мен қалай әділдікке жетсем болады?

Oinet.kz 05-05-2024 1011

Былтыр наурыз айында мен күйеуіммен заңды түрде ажырасып едім. Ажырасуымыздың негізгі себебі - ішімдік және ойынқұмарлығы. Үйге ақша әкелмейтін. Сол кісінің әке-шешесінің қолында тұрдық. Ішіп келіп қол көтеретін. 

Screenshot_12.jpg

Ажырасқаннан кейін әке-шешемнің үйіне келіп, мені соққысы келіп, боқтап жүрді. Әке-шешем "енді тағы келетін болсаң, милиция шақыртамыз" дегеннен кейін қойды. Алиментін төлемейді. Сол үшін әкелік правасынан айырып берсін деп сотқа бердім. Бірақ сотта ол жалған ақпарат берді. Сондықтан сот, прокурор, опека соның сөзін сөйледі. 

Енді мен қалай әділдікке жетсем болады?

Келінім екеуміз немеремнің баламнан емес екенін жасырып жүрміз
18 жылдан бері студенттерді асырап жүрмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу