Безбүйрек жеңгем балаларын тастап, күйеуге тиіп алды

Oinet.kz 14-02-2023 4365

Сəлеметсіздер ме, құрметті қауым! Өмір атты белес əртүрлі оқиғаға толы деген шын екен. Менің əкемнің туған ағасының баласы 2010 жылы үйленген. Алты жыл ішінде 3 балалы болды. Ағам Астанада жұмыс жасады. Отбасы қасында болатын.

Screenshot_28.jpg

Соңғы бір жылдың көлемінде үлкен жеңгем ауырып ауруханаға түсті де, ағам кіші жеңгемді үйге қарауға ауылға əкеліп тастаған (үлкен аға-жеңгемнің 3 баласы бар).Өзі Астанада жұмысын жалғастыра берді.Сол үйге қарауға келген жеңге сымағым менің ағамның үстінен екінші күйеуге шығып алыпты 3 баласын тастап.

Ауылдағыларға ауырып жүрмін, емделуге кеттім деп алдап кетіп жүрген. Үлкен қызы 5 жаста, ұлы 3 жаста, кішкентайы 1-ден енді асты.Тұрмысқа шыққан жағына өзінің балалы-шағалы екенін айтпаған. Ол жаққа біздің туыстар барып айтып, кішкентай қызды берді, 2 бала өзімізде.Кішкентайды да бергіміз келмеген, бірақ ол анасын іздеп жылады. Мен осы уақытқа дейін еркектер ғана осындай іске бара алады деп ойлаушы едім, сөйтсем безбүйрек əйел адамдарды бар екен.Маған 2 үлкен бала керек емес, мен оларды жек көремін депті. Біз енді оған 2 баланы бермей өзіміз алғымыз келіп отыр. Енді осы ісі үшін оны сотқа беруге бола ма?

Аноним,

Сырласу журналы

Қайын атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты
Туған ағам анамыз ауырып жатқанда мүлде көмектеспей қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу