Қайын атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты

Oinet.kz 14-01-2023 5918

Тұрмыстағы келіншекпін. Тұрмыс құрғаныма бес жылдан асып барады. Бала көтере алмай жүрмін. Ана бақытын сезінгім келеді. Жасым 25-ке келді. Алланың берген сынағын әрең көтеріп жүргенімде, қайын атам қосылды.

Screenshot_27.jpg

О баста күйеуім екеуміз бір-бірімізбен сүйіп қосылдық. Біздің махаббатымызға бүкіл ауыл қызығатын. Екеуміз екі жылдай жүріп үйлендік. Бір-біріміздің сырымызға әбден қанып, бір-бірімізден ештеңе жасырмадық. 

Үйленген кезде де алғашқы жылдары өте тату-тәтті тұрдық. Күйеуімнің мінезі өте жақсы. Ешқашан маған дауыс көтерген емес. Ата-енем де жақсы кісілер еді. Олар менің кемшілігіме көз жұма қарап, барымды асырып жүрді. Бірақ бұл сыйластық арада 3-4 жыл өткен соң сыр берді. Менің көтермей жүргенім әсіресе қайын атама қатты баса бастады. Бұрын ішпеуші еді. Соңғы кездері ішетінді шығарды. Күйеуім үйде 5 ағайынды. 4 әпкесі бар. Өзі үйдің кенже баласы. Ұлынан немере сүйе алмай жүргені жанына бататынын түсінемін. 

Ішіп алып «кет» дейтінді шығарды. «Ұлым ұрпақсыз өтетін болды. Сендей бедеу келін керек емес» деп ішіп алса, аузына келгенді айтып балағаттайдынды шығарды. 

Көршілерге кетіп қалсам, артымнан ит қосып іздеп  барады. Күйеуім «атаң ішкенде қасында бол қара» дейді жұмысқа кеткенде. Ал ол ішсе боқтап дымымды қоймайды. Бұрын үндемеуші ем, біржолы қатты боқтап ұрысты «көзіме көрінбе, кет» деп. Ызаға булығып «байым кет демей ешқайда кетпеймін, сізге тиген жоқпын, шаруаңыз болмасын» деп тастадым. Қазіргі келіндер енесін айтса, мен атамнан зәбір көріп жүрмін. Жүйкем әбден жұқарып барады. Ашушаң боп барамын. Күйеуіме «арамызда бала жоқ, ажыраса салайық» десем, ол «Басымыз әлі жас. Балалы болып кетерміз. Уайымдама» дейді. Ал атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты. Мен күйеуімді қатты жақсы көремін.Не істеймін? Ақыл қосыңыздаршы.

Болашақ күйеуім қызымның барын білмейді...
Безбүйрек жеңгем балаларын тастап, күйеуге тиіп алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу