Шеше, не шайнап жүрсің?

Oinet.kz 15-11-2022 14042

Screenshot_1.jpg

Әйелінің сөзінен шықпайтын бір еркек:

- Шешең ертелі - кеш тамақ жей береді, еш тоймайды, мұның көзін құрт! -, деген сөзіне сеніп, тілін алып, қартайып қалған шешесін бір тауға апарып тастайды. Кетерінде шешесінің бір нәрсені  шайнап жатқанын көріп, манағы әйелдің сөзі есіне түседі де: 

- Шынымен менің шешем тоймайды екен ғой, - деп ойлайды. Ашуы келіп: 

- Ой шеше! Не шайнап жүрсің? Жағың бір тынбайды ғой, - дейді. Шешесі:

- Кешір балам, бір жұмадан бері аузыма еш нәрсе алғаным жоқ, сондықтан тілімді сорып жүрмін, - депті. 

Сонда ғана жігіт шешесіне мүлде қарамай, әйелін ғана тыңдап жүре бергеніне қатты ұялып, өкініп тәуба еткен екен дейді. Сөйтіп кеште болса қатесін түсініп, анасын үйіне алып келіпті.

Әкем өз қызының тойына келмеді
Үйленгендеріне 50 жылдан асса да кемпірін сүйетін шалдың құпиясы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу