Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен тұрмыстағы келіншекпін, Аллаға шүкір бір ұлым бар, ал жолдасым өте керемет жан. Айтайын дегенім қайын ағам жайлы, өзі əйелімен ажырасып кеткен, яғни қазір бізбен бір үйде тұрады. Күнде арақ ішеді, күнде мас болып келіп үйдің берекесін алады. Ұйықтап қалса үндемес едім, келіп төбелес шығарады, әкесімен, бауырларымен бір-біріне пышақ алып жүгіреді.
Оған ерегісіп қайын атам да ішеді. Сосын екеуі төбелеседі. Мұндай жағдайды жазудың өзі ұят екен, бірақ маған ақыл кеңестеріңіз қажет болып тұр. Біздің үйде аптасына 2 рет осындай төбелес, ұлым 5 айлық, өзім жақында тағы аяғымның ауыр екенін білдім.
Атам мен қайын ағам төбелескенде кесе, шəйнек бəрін лақтырып, бəрін сындырады. Енем мен баламды алым атам ұйықтағанша далада жүреміз. Ал жолдасым соларды ажыратып, араларына түсіп əлек. Мен төбелес бітпейтін үйде тұрып шаршадым, ішімдегі балаға зияны тие ме деп қорқам. Бөлек кетуге жағдайымыз болмай тұр. Не істеуім керек, қандай кеңес бересіздер?