Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Көрші Викторды жақсы білемін. Жасы жетпіске таяп қалса да қырықтағы жігіттей қутыңдап жүргені. Жас кезінде спортпен айнылысқан шығар деп ойлап қоятынмын. Сөйтсем, басқа екен.
Оны өзі айтты. Бірде жексені күні далада темекі тартып тұр едім, «Сосед, жүр кішкене ұрттайық», деп жабыса кеткен. Жалпы, екеуіміз жаман араласпаймыз. Мейрам кездерінде біріміздің үйімізге біріміз кіріп, құттықтап жататын әдетіміз бар. Виктордың ара-тұра ұрттап алатыны бар. Өлмелі кемпірі бар. Үнемі төсек тартып, ауырып жатады. Бірақ оны ойлап жүрген Виктор жоқ. Қашан көрсең де көлігін мініп, темекісін будақтатып бір жаққа кетіп бара жатады. Үнемі көңілді. Соған қарап, «ұпайы түгел-ау бұл иттің» деп ойлап қоямын.
Содан үйіне кірдік. Кеміпірі ауырып жатыр. Бізге қарауға мұршасы жоқ. Бір-екі жүз грамды қағып салған соң «жасың біразға келсе де, жас жігіттей ширақсың. Мұның сыры не?» деп, сөз бастадым. Ол мырс етті:
«Соны білмейсің бе? Үнемі жас қыздарды кұшсаң, сен де жасарасың», деді.
«Бізге кім қарасын?» деймін ғой мен.
– Әрине, маған да кім қарасын. Бірақ менде мүмкіндік бар. Ол – менің кезінде алып қойған пәтерлерім. Баяғы кеңес заманында жақсы жерде жұмыс істедім. Жақсы маман болдым. Әр жер жұмысқа шықарады. Барған жерім екі-үш жылдан кейін тегін пәтер беріп отырды. Қазір зейнетақыға қарап жүрген мен жоқ. Сол пәтерлерім асырап отыр. Сол пәтерлерім маған сұлу, жас қыздарды құштырып отыр. Құпия ештеңе жоқ. Бір басымда осы өзің отырған пәтерді қосқанда бес пәтерім бар. Төртеуін жалға беріп қойғанмын. Соның біреуінде ғана бір отбасы тұрады. Қалғандарында жас студент қыздар. Олар жақсы пәтерде тұрғысы келеді және тегін тұрғысы келеді. Ондайларға мен керекпін. Бір пәтерден алған ақша мен кемпірім екеуміздің зейнетақымыз бізге былай жетеді.
Сондықтан қалған үш пәтерде студент қыздар ұстаймын. Олармен ашық әңгімелесемін. «Мен саған, сен маған» дегендей.
Ақша міндет емес, аптасына бірер рет құмарымды қандырып тұрсаңдар болды, деймін. Көбі келіседі.
Өйткені өзің білесің, пәтер ақысы қымбат. Қай студент қыздың әкесі миллионер дейсің. Амалсыз менің дегеніме көне кетеді. Мен секілді шалды бірер сағат «обслуживать» етіп жіберген оларға тиімді.
Солай, бала! Үш пәтердің арқасында өрімдей жас қыздармен төсектес болып жүрмін. Ал жас қыз – жаңа энергия, күш-қуат. Жасым жетпіске таяса да, құлын-тайдай шауып жүргенім солардың арқасы,
— деп ағынан бірақ жарылды ол.
– Ал кәне, сол жас қыздар көп болсын, шалдарды демалдыра берсін, деп алып қоялық, – деп Виктор тост көтерді. Амалсыз стакан қағыстырдым.
Далаға шығып, темекі тартып тұрып тағы ойға қалдым. Бір ғана Алматыда қаншама студент бар?! Солардың қаншамасы пәтер жалдап тұрады? Солардың арасында қаншама жас қыз пәтерде тегін тұру үшін тәнін сатып, амалсыз Виктор секілді шалдармен төсектес болып жүр? Ойлаудың өзі бір түрлі.
Аян Мырзабек