Қазақ қыздың баласын баққан ба?

Oinet.kz 20-10-2022 4575

Менің келін болғаныма көп уақыт болмады. Бір үйдің жалғызына жар болып, Аллаға тəубə, етегіме бергендерін өмірге əкеліп жатырмын. Ел қатарлы оқу бітіргем. Кішкентайларыма енем бас-көз болар деген оймен, мамандығым бойынша жұмысқа тұрған едім..

Screenshot_15.jpg

Енем жұмысқа шыққаныма разы емес. Бір адамның тапқаны мен енемнің зейнетақысы неге жетеді? Күйеуім күзетте жүр. Оған жаным ашиды. Үйдегі алты бірдей адамның тамағын табу оңай ма? Қарайласып демесе бəрі жақсы болар еді. Қарасса, əжесі емес пе? Немере балдан тəтті дегені қайда? Енем адамға салқын адам секілді. Əже болып, осы шаққа дейін балаларымның маңдайынан иіскегенін көрмеппін. Иіскейін деп, іздегенін де білмейді екенмін. Енем балаларымды қарамайды деп айтуға да ұят... Енемді жылына екі мезгіл ғана көреміз. Күйеуімнің əпкесінің үйінде балаларын бағып, қызына үй шаруасына көмектеседі. Биыл да солай. Жаз бойы қайын əпкемнің балаларын қарап, Астанада жүр. Оларға жаны ашыр. Жұмыс істеп, отбасын асырағанына жəрдемдесіп, балаларын бағып отырады. Бұл - əділетті ме? Турасын айтсақ, қазақ қыздың баласын баққан ба? Мен бөтенмін бе? Менің балаларым өз әжесіне жат па?

Ауылға қайтпағанымда, тағдырым бұлай болмас па еді?!.
Қанша студент қыз Виктор секілді шалдармен төсектес болып жүр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу