Үрленген доптай домаланып шыға келіпті

Oinet.kz 08-10-2022 1863

- Оның ай-күні жақындап қалыпты,- деді құрбым ас ішіп отырып.

- Кімді айтасың?,- дедім түкке түсінбей.

 Screenshot_8.jpg

- Менен 1-2 ай үлкендігі бар-ау,- деп тағы бір қойды. Жан-жағыма қарап, шермиген ешкімді көре алмадым да, сұраулы жүзбен иығымды қиқаң еткіздім. Артынша аузыма асты апара бере оның бетіне бадырая қарап:

- Сен не, жүктісің ба?,- дедім таңырқай. Ол көздері жайнай жымың қағып:

- Сен қыз ештеңе байқамадың ба? Жақында 5 ай боламыз деп кіндік тұсын сүйрік саусақтарымен аялай сипап қойды. Сонда ғана оның іші дөңгеленіп қалғанын көріп, қапелімде аузыма сөз түспеді. Расында да, күнде қасымда жүрген құрбымның бұл күйін білмейді екенмін. Бір кезде қасын қағып, көрші столға ас әкеліп қойған даяшы қызды көрсетті. Күнде осы асханадан келіп түстік ішіп жүріп, қалай байқамағанымды білмеймін, даяшы қыз да үрлеген доптай домаланып шыға келіпті. Апырмай, а, бұлар қай кезде үлгерген, жо-жоқ мен қалай байқамағанмын? 

- Сен өзі арнайы көңіл бөлмесең, көбіне мән беріп қарамайды екенсің,- деп құрбым кімнің бүгін не киіп келгенін, ол тіпті қанша теңге тұратынын, қай магазин, қай бутикте сатылып жатқанын, тамақ жеп отырған шанышқылардың жаңартылып, ауыстырылғанын, тіпті, көрші столда тамақтанып отырған әнебір сылқым бикештің кеше тырнақтарын қызылға, бүгін қараға боятып келгеніне дейін айтып шықты. Көктен түскендей жан-жағыма одырая қарадым. Осының бәріне ол қалай үлгереді десеңші... 

Сырт көзге "пысықтау" болып көрінген болмысымның өз әлемінен басқаны байқай бермейтінін іштей мойындадым... Бұдан былай жан-жағыма қарап жүрмесем бе, кім білет тағы...

Салтанат Айдарбекова

Facebook парақшасынан

Сол келіншекті әлдебір қара күштер қайта иектеп жүрмесе игі еді
Екі рет ана дүниеге барып қайтқан екенмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу