Шымкентте «Денсаулық бұрышы» акциясы өтуде

Oinet.kz 06-08-2024 495

17.jpg 

Шымкентте “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен “Денсаулық бұрышы” акциясы өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шара барысында қалалық емханалардың бейінді мамандары сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуде. Акция алғашқы күні “Студенттік емхана” дәрігерлерінің ОӘД сауда орталығында қабылдауымен басталды. Хирург, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.

“Денсаулық бұрышы” акциясы алдағы уақытта қаладағы бірқатар сауда орталықтарында жалғасатын болады.

Жалпы, МӘМС жүйесі төменде көрсетілген медициналық қызметтерді қамтиды:

* профилактикалық медициналық тексерулер;

* учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;

* созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;

* уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

* халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;

* диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);

* мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;

* медициналық оңалту;

* стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

 


«Жастармен бірге» онкүндігі өтеді
Шымкент: Тек алимент өндірумен айналысатын арнайы кеңсе жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу