Шымкент: Сапалы электр қуатымен қамту 99 пайызға жетті

Oinet.kz 21-07-2024 538

elektr-energiyasy.jpg   

Шымкентте 81 елді-мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов мәлім етті.

Мегаполисте былтыр 6 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан, Асар-2, «Ақжар» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 4 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталған.

Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарлануда.

Шымкент қаласында қазіргі таңда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94% пайыздан 96% пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас).

2024 жылға 4 нысан өтпелі (Қайнарбұлақ 1 (70%) және 2 (60%) кезең, Ынтымақ-2 (40%), Бозарық 1 (55%), 2 (95%) және 3 (50%) кезең, Тассай (85%).

2024 жылы 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі танда 15% жұмыстар атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталады.

Жоғарыдағыларды баяндай келе, 2024 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы аумағы бойынша 838,6 шақырым жылу құбырлары бар: тозу деңгейі 37%-ы құрайды. Биыл жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 4,0 млрд. теңге бөлінген.

2024 жылы 2,4 млрд. теңгеге 30,0 км жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 1,4 млрд. теңгеге 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. (Оның ішінде 2 нысанның жылу қазандығын жаңғырту жұмыстары басталады және 7,2 км жылу жүйелеріне (2 жоба) қайта құру жұмыстары жүргізіледі).

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.

2022 жылы  105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті.


Шымкент сапалы ауыз сумен 99 пайыз қамтылған
Шымкент: «Таза Қазақстан» барлық аудандарда өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу