Шымкент газбен 96 пайыз қамтылған

Oinet.kz 26-07-2024 613

images.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Кездесу барысында газ саласындағы ынтымақтастық және индустриялық аймақтардағы жаңа инвестициялық жобаларды газбен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бүгінде Шымкентте табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы жеті тұрғын алап пен шағынауданды газбен қамту жоспарланып отыр. Тағы бір айтатын жайт, бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан индустриялық аймақтарда өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясын салу мүмкіндігі қарастырылды.

Қала басшысы сондай-ақ газ саласы мамандарының біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін растау бойынша “QazaqGaz” корпоративтік оқу орталығының ашылуына қатысты.

Бұған дейін қала басшысының тапсырмасы бойынша газ жабдықтары мен инженерлік жүйелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалық газ техникалық қызметі құрылған болатын.

Осыған байланысты шаһар басшысы салалық басқарма басшылығына газ техникалық қызметі мен газды пайдаланатын барлық ведомстволық ұйымдардың қызметкерлерін осы оқу орталығында оқытуды ұйымдастыуды қолға алуды тапсырды.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметі бойынша Шымкент қаласында қазіргі таңда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94% пайыздан 96% пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды.

2024 жылы 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі танда 15% жұмыстар атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталады.

Жоғарыдағыларды баяндай келе, 2024 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жеткізу жоспарлануда.


Шымкенттің әкімі «Жайлы мектептердің» құрылысымен танысты
Қайтарымсыз грантқа—құс фермасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу