Шымкентте келген туристер саны артуда

Oinet.kz 17-07-2024 467

25.jpg 

Былтыр Шымкентке  келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам). Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 3 айында қалаға 111 733 турист келген.

Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов айтты.

Оның ішіндегі үздік үштікке: Өзбекстан – 9 844 адам, Ресей Федерациясы – 3 659 адам және Қытай Халық Республикасынан 2 633 адам келген. 2024 жылы орналастыру орындарының саны 148 жетсе, бөлме қорының саны 6 409 бірлікке артып отыр.

Қала аумағында 20 туристік оператор мен 120 аса туристік агенттіктер тұрақты жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда, тікелей әуе бағытында 12 ішкі рейс (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей) және 5 халықаралық рейс (Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси) қатынауда. Әуе хабарламаларының санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Биыл темір жол вокзалының реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы ағымдағы жылдың соңына дейін ашылады.

Заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні анық.

Осы тұрғыда 2024 жылға 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда («Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel»).

Сонымен қатар маусым айында Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды. Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Жалпы қонақ үйде 167 бөлме, 1-ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц – залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.


Мәжіліс депутаты белсенді жастармен кездесті
Шымкент туристерді несімен қызықтырады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу