Шымкент туристерді несімен қызықтырады?
Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені. Бұдан бөлек, Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябақтың да туристер үшін алар орны ерекше.
Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов айтты.
Сонымен қатар, қала аумағында республикалық маңызы бар 7 тарихи-мәдени нысандар орналасқан (Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбдел Әзіз баба, Қожа салық, Мірәлі баба, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы).
Аталған нысандардың ішінде Хызыр, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін жылдың соңына дейін, жеке инвесторлардың есебінен абаттандыру жоспарланған.
2024 жылдың 5 маусымында Шымкент қаласының дарынды жастарымен бірлесе «контент мейкерлердің» клубы құрылды. Клубтың басты мақсаты қаланың туристік әлеуетін видео және фотомалериалдар арқылы әлеуметтік желілерде жариялау мен насихаттау. Қазіргі таңда клубка 15 адам мүше.
Шымкент қаласының туристік саласын жарнамалау бойынша 50 фото және 110 видеоматериал шығып, әлеуметтік желілерде жарық көрді.
Аталған ақпараттар халық арасында таралып, маңызды туристерді тартатын тетік қызметіне айналуда.
Жалпы қаралым саны 1,5 млн. адамды құраған. Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау болып табылады. Осы орайда, а.ж. 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды.
Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер 310 видео бейнематериал түсіріп, 108 пост жариялады. Жалпы жарнамалық қаралым саны 4 676 мың. адамды қамтыды.