Шымкент: Айналма жолдың құрылысы 2025 жылы аяқталады

Oinet.kz 14-07-2024 485

 78bae8e0-7817-43e0-a914-9a2804d38d6e.jpeg

Шымкентте Ташкент-Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистрал --А-2 автомобиль жолын 6 жолақты етіп қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 31 шақырым, жол құрылыс жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде Төлеметов көшесінен бастап Бадам өзеніне дейінгі аралық - 1-4 кезеңдердің құрылыс жұмыстары аяқталған. 5-8 кезеңдері бойынша реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған.

А-2 автомобиль жолының Тәшкен трассасы мен Бадам өзені үстіндегі көпірге дейінгі аралықтың жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан арыздар түсуіне байланысты бүгінде осы аралықта қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жалпы, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, мегаполисте бүгінде жол-құрылыс жұмыстары қарқын алған. Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. 2023 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағатттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2 пайызға жетті.
Бүгінде қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар ірі маңызды жобалар іске асуда. Атап айтқанда, Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық тұрғындар игілігіне берілді.
Былтыр Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы аяқталып, барлық бағытта көлік қозғалысы ашылды. Жоспарға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде – Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде – Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасқан.
Қаладағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – «Оңтүстік» айналма жолы. Жалпы ұзындығы 16 шақырым айналма жолдың құрылысы аяқталуға таяды. Бұл нысан – Ташкент бағытындағы республикалық маңызы бар жолдан Ленгір тас жолына қосылатын негізгі жол. Жол құрылысы негізінен транзиттік көліктер, жеңіл көліктерге қаланың ішіне кірмей, солтүстік және шығыс бағытқа өтуіне мүмкіндік жасау мақсатында жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, бүгінде шаһарда Қонаев даңғылының жалғасы Оңтүстік бағытқа қарай, жалпы Республика көшесіне балама ретінде салынуда. Қазіргі таңда 1-ші, 3-ші, 4-ші кезең жұмыстары аяқталды.
Айта кетсек, қалада өткен жылы құрылыс және қайта құру бойынша 63,9 шақырымдық 22 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 8 нысан пайдалануға тапсырылса, ал қалған 14 нысан 2024 жылға өтпелі. Ал 254 нысанда (233,8 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, оның 245 нысаны (222,0 шақырым) пайдалануға тапсырылды.


Шымкентте дәрі-дәрмектің бағасы төмен
Шымкент: Электромобиль шығаратын зауыт «Жұлдызда» салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу