Шымкентте дәрі-дәрмектің бағасы төмен

Oinet.kz 14-07-2024 436

14.jpg 

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында 32 субъект, 38 объект дәрілік заттарды көтерме сауда саласында қызметті жүзеге асырады.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Шымкент қаласында дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді 318 субъектлердің 585 объекті жүзеге асыруда. Қаламызда орналасқан дәріханалардың саны жоғары, яғни бәсекелестік деңгейі жоғары болғандықтан, басқа өңірлерімен салыстырғанда Шымкент қаласында дәрілік заттардың бағасы төмен болып табылады. Бүгінгі таңда департаментпен Шымкент қаласының мүдделі органдармен дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу барысында бірігіп ауқымды жұмыс атқарылуда.

Шымкент қаласында 66 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау бойынша 2D сканер және деректерді жинау терминалымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы брифингте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева атап өтті.

Сәуле Сансызбайқызының айтуынша, 26 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық ұйымдарда толық интеграция жүргізілген. Таңбалаудың маңыздылығы-дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға босатылған дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша ақпаратқа қолжетімділік беріп, меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдарда өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау процесін еңгізбеген медициналық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттарды босату тоқтатылады, осыған байланысты дәріханалар дәрілік заттарды сатып алу және халыққа өткізу мүмкіндігінен айырылады.


Шымкентте 585 дәріхана жұмыс істейді
Шымкент: Айналма жолдың құрылысы 2025 жылы аяқталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу