Шымкентте 585 дәріхана жұмыс істейді

Oinet.kz 18-07-2024 677

13.jpg 

Міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға сатып алынған дәрілік заттарлың шынайылығы бойынша ақпаратқа қолжетімділік беруді, сондай-ақ өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етуді, контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

 Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Айта кетейік, қалада бүгінгі таңға 585 дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде 585 дәріхана, яғни (100%) 680 дана 2D сканермен жабдықталған.

Қалада 53 дәрілік қойма бар, бүгінгі таңға 38 дәрілік қойма жұмыс атқарады, 15-і фармацевтикалық қызметін тоқтатқан.

38 дәрілік қойма (100%) 141 дана 2D сканермен және 189 дана деректерді жинау терминалымен жабдықталған.

Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау еңгізу үшін Шымкент қаласының әкімінің орынбасары төрағалығымен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, Атамекен кәсіпкерлік палатасы және кірістер департаментімен бірлесіп медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық қызметті атқаратын субъектілерге түсүндірме жұмыстары өткізіліп жүр.

Бүгінгі күні елімізде дәрілік заттар айналымы саласында 19 отандық тауар өндіруші қызмет атқарады. Соның ішінде, Шымкент қаласында 2 ірі отандық тауар өндіруші орналасқан («Химфарм» АҚ, «Dentafill» АҚ).

Елімізде дәрілік заттарды көтерме саудасындағы субъектілердің саны – 293, қоймалардың саны – 362. Оның ішінде, Алматы қаласында 187 қойма, Шымкент қаласында 38 қойма орналасқан. Сонымен қатар, еліміздің 152 ірі дистрибьюторлардың арасында Шымкент қаласында 4 дистрибьютор қызмет атқарады. («Химфарм» АҚ, «НПО Зерде» ЖШС, «Atamiras.S» ЖШС, «AK NIET GROUP» ЖШС).


«Қарызсыз қоғам» тегін кеңес береді
Шымкентте дәрі-дәрмектің бағасы төмен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу