Шымкентте трансплантациялау саласы қарқынды дамып келеді--сенатор

Oinet.kz 10-07-2024 384

13.jpg 

Шымкент қаласында 35 ( оның ішінде 5 аурухана) мемлекеттік медициналық ұйым халыққа көмек көрсетеді.

Осы аптада Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен  Әлішер Сатвалдиев Шымкент қаласына іс-сапар аясында қаладағы 1,2 қалалық клиникалық ауруханалардың жұмысымен танысты. Бұл туралы Айгүл Қапбарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

   --Ел аузында "Роща" деп аталып кеткен  1 клиникалық аурухана корпустарына қазір күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Шымкент медицинасында техникалық тұрғыдан күрделі әрі мамандардың кәсібилігін талап ететін органдарды трансплантациялау саласы қарқынды дамып келеді. Бұл үлкен жетістік. Бүгінде осы ауруханада жалпы саны 225 бүйрек, 35 бауыр алмастыру отасы жасалды. Тәулігіне шамамен 400 тен астам науқасқа көмек көрсететін хирургиялық бағыттағы ауруханада сапалы қызмет ұсыну үшін қабылдау бөлмесінен бастап жаңарыпты. Шұғыл медқызмет көрсетудің жаңа әдістері енгізіліп жатқанын байқадық. Бұл әдісті жетілдіре түсу керек. Клиникаға соңғы жылдары халықтан әсіресе науқастарды жедел қабылдау жағынан түрлі сын -ескертпелер болғанын ескерсек, бұл тиімді қолға алынған шара.. Әйтсе де соңғы алты ай ішінде 11 мыңға жуық науқас емделіп шыққан. Ал Шымкент қаласындағы 2 қалалық көп салалы аурухананың ең бір ерекшелігі- әрі жетістігі осы жылы нейрохирургия орталығы және жүйке оқу орталығының ашылуы. Мұнда Ұлттық нейрохирургиялық орталығының білікті дәрігерлері тартылып, еңбек етуде. Ангиографиялық құрылғымен қамтылған. Демек, инсультпен түскен науқастарға ота жасауға толық мүмкіндік бар. Жоғары технологиялық медициналық көмекті қажет ететін 300 ден аса науқас жандардың сұранысына қарамастан "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" өте аз мөлшерде отаға рұқсат берген. Біз бұл мәселені өз бақылауымызға аламыз,-делінген жазбада.

Сенатордың жазуынша, жалпы Шымкент қаласының медицина саласын республикалық қаржыландыру деңгейі жеткіліксіз. Тарифтерді қайта есептеу кезінде медициналық мекемелердің пациенттерге қызмет көрсету кезінде көтеретін нақты шығындары ескерілмейді. Бұл барлық медицина ұйымдарына тән құбылыс.

--Шымкент дәрігерлерімен кездесуде өзге де бірқатар мәселелерді талқыладық.  Ең басты міндет - елге сапалы медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру,-деп атап өткен сенатор.


Мәжіліс депутаты Шымкенттің мәдениет нысандарында болды
Шымкент: Қоғамдық көліктердің бағыттары оңтайландырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу