«Шымкент: «Көл» демалыс аймағы пайдалануға берілді

Oinet.kz 01-07-2024 423

vlcsnap-2024-07-02-17h19m00s671.jpg 

Шымкентте жергілікті тұрғындар “Көл” атап кеткен демалыс аймағы ел игілігіне берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысанда болып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылдар бойы қараусыз қалған аумақ заманауи талапқа сай абаттандырылып, халықтың серуен алаңына айналды.Қала әкімінің тапсырмасы аясында нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Көлдің түбі тазаланып, айналасы абаттандырылды. Көгалдандырылған аумаққа озық үлгідегі жарық жүйелері жүргізілді. Су қоймасы толтырылып, субұрқақтар іске қосылды. 950 шаршы метрге бетон төселіп, 350 шаршы метр гранит жаңаланған.

Бұл жұмыстар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылды. Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, демалыс аймағын таза ұстап, ұқыпты қарауға шақырды.

Сонымен бірге шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков жуырда тұрғындармен бірге заманауи талапқа сай абаттандырылған балалар теміржолы аумағын аралады. «Шымкент келбеті» басылымының жазуынша, мегаполис басшысының тапсырмасымен, қараусыз қалған аумақ жан-жақты зерделеніп, жаңа серуендеу аймағының тұжырымдамасы дайындалған болатын. Жоба бойынша халыққа қолайлы, серуенге ыңғайлы, қауіпсіз аймақ жасау қарастырылған болатын. Сонымен қатар, спорттық алаңшаларға да орындар қарастырылған.

Орталық стадионнан Денросаябаққа дейінгі шамамен алты шақырымды құрайтын жолда жүгіру және велосипед жолдары, воркаут-алаңдары бар. Осы алты шақырымдық жол түгел асфальтталған. Алдағы уақытта азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін мұнда бейнекамералар орнатылады, сондай-ақ турполиция тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Нысанның тарихи келбеті сақталуы үшін станцияларға жаңартылған вагондар қойылады. Сонымен қатар жол бойынан халықтың игілігі үшін кофе ішетін орындар ашылады. Айта кетейік, нысан демеушілер есебінен жасалынып жатыр. Қалада алдын үш нысан демеушілердің көмегімен халық игілігіне берілген болатын.


Шымкентте заманауи стадионның құрылысы басталды
Шымкентте 66 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу