Шымкентте заманауи стадионның құрылысы басталды

Oinet.kz 29-06-2024 442

7.jpg 

Шымкентте жаңа заманауи стадионның құрылысы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Тарихи оқиғаға футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, бапкерлері мен ойыншылары, БАҚ өкілдері мен жергілікті футбол жанкүйерлері де куә болды.

Айта кетейік, 35 мың орындық аренаның сыйымдылығы 21 гектарды алып жатыр. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады.

Қазіргі уақытта Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадион  1969 жылы салынған. Ол 18 мың адамға лайықталған. Яғни, жаңа стадионның сыйымдылығы одан екі есеге жуық болмақ.   Заманауи арена халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге, қаланың спорттық имиджін жақсартуға, жергілкті халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризмді дамытуға да ерекше серпін береді.

Жалпы Шымкентте заманауи жаңа стадионның салынатыны қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғаннан кейін айтыла бастады.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбековтың ақпарат құралдарына берген сұхбатына қарағанда,жаңа стадионы салуға қазынадан 40-45 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

--Жаңа заманауи стадионның пайда болуы қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын тудыра отырып, жанкүйерлерге ойын кезінде шабыт сылайды деп күтеміз. Сондай-ақ, әлемдік додаларды өткізуге, соның ішінде туризмнің дамуына ерекше серпін береді,– дейді Маратбек Мықтыбеков.
Замаунари стадион пайдалануға берілген соң Қажымұқан атындағы ОРталық стадион реконструкциядан өтеді. Бұл жер «Ордабасының» қосалқы стадионы және жеңіл атлетикадан ұлттық команданың жаттығатын орнына айналады.


Бағаны тұрақтандыру үшін форвардтық шарттар түзілуде
«Шымкент: «Көл» демалыс аймағы пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу