Шымкентте 66 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Oinet.kz 03-07-2024 653

9.png 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте базарларды жаңғырту, энергиямен үздіксіз жабдықтау шаралары сондай-ақ бюджет және жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев қала аумағындағы модернизациядан өтетін базарлар бойынша өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы құрылыс заттары сатылатын базарларды сыртқа көшіру жұмыстарын күшейтуде де нақты тапсырмалар беріп, түсіндірме жұмыстарын жандандыруды ескертті.

Айта кетері, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасына сәйкес орталықта орналасқан көктас шеберханалары және металл сынықтарын қабылдау орындарын қала сыртына көшіру жұмысы жүріп жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Әл-Фараби, Қаратау және Тұран аудандарына орналасқан көктас шеберханаларын, сынық металл қабылдау орындарын, брусчатка жасау цехтарын сыртқа көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады. Басқарма тарапынан ұсынылған Алтынтөбе ш/а орналасқан “Шымкент” (77га), Бозарық ш/а орналасқан “Солтүстік-1” (2,8га) және “Солтүстік-2” (2,6га) құрылыс материалдарын сатуға, өңдеуге арналған индустриалды аймақтары құрылған. Кәсіпкерлерге аталған аймақтардан заң шеңберінде жер телімін алу жолдары түсіндіріліп жатыр.

Жиында құрылыс басқармасының басшысы О. Тәжібаев биыл 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсыру жоспарланғанын жеткізді. Бұл ретте қала әкімі ең бастысы, нысандардың сапасын қадағалап, баспаналардың жайлылығына назар аударуды ескертті.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р. Мендіқұлов энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шараларды баяндады. Басқарма басшысына абонеттерді жарықпен үздіксіз қамтуда тиісті мекемелермен тығыз жұмыс жүргізу тапсырылды.

Ғабит Сыздықбеков аудан, сала басшыларына көпқабатты үйлер ауласында тұрмыстық қалдықтарды жинастыруды жүйелі атқарып, жасыл желектерді суаруды кестеге сай жүргізу, құрылыс мәдениетін сақтауда мердігерлермен жұмыс істеу тапсырылды.


«Шымкент: «Көл» демалыс аймағы пайдалануға берілді
“Спутник” Журналистер алаңы деп аталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу