Шымкент: Мегаполисте мал басы артқан
Биыл Шымкент қаласында жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егіліп, одан 86,0 мың тонна өнім жиналады деген жоспар бар. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев мәлім етті.
Атап айтқанда: дәнді дақылдар – 10,9 мың гектарға, малазықтық дақылдар – 9,0 мың гектарға, көкөніс пен бақша – 3,1 мың гектарға, майлы дақылдар – 3,0 мың гектарға, картоп – 0,5 мың гектарға егілді.
Сонымен қатар, 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 млн теңге қаржы қаралған.
Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна жанар-жағармай бөлініп толығымен үйлестірілген. Қаламызда 2023 жылға қарағанда мал шаруашылығы бойынша өсім байқалады.
Атап айтсақ, ірі қара малы 88,3 мың басқа, қой ешкі 102,4 мың басқа, жылқы 17 мың басқа, құс 1 189,2 мың басқа жетіп, нәтижесінде ет 4,5 мың тоннаға жетіп, сүт 30,4 мың тоннаға, 86,3 млн данаға жұмыртқаға жетті.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылға бекітілген 12 индикатор толығымен орындалып келеді. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша биыл 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады.
Атап айтқанда: 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпоры, 2 құс шаруашылығы, 1 жылыжай кешені, 1 мал бордақылау, 1 көкөніс өңдеу, 1 құрама жем зауыты.
Бүгінгі таңда 70-ке жуық сауда орындарында ӘМАТ-ы нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді.
Сонымен қатар, ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы және ет (сиыр еті, тауық еті) өнімдерін өндіруші кәсіпорындармен келісім-шарттар түзіліп, бекітілген сауда орындарында тауарлар өндіруші бағасымен сатылуда.
Оның ішінде:
- ірі сауда желілері «Magnum» және «Gramad»;
- халықтың тығыз орналасқан аймақтарында орналасқан үй маңындағы дүкендер;
- сиыр етін өндірушілер «Каскасу-С», «Байтерек» және «Алтын төбе» шаруа қожалықтары;
- көкөніс тауарын өндіруші шаруа қожалығы «Колесников»;
- нан пісіруші наубайхана ЖК «Темиршиков NAN ONIMDERI»;
- ұн өндірушілер «Дос» ЖШС, ЖК «Урунбеков М.Л.», ЖК «Анарметов»;
- тауық еті мен жұмыртқасын өндірушілер «Қайнар құс» ЖШС және «Аймар құс», «КазКом Агро» ЖШС;
- күнбағыс майын өндіруші ЖК «Урунбеков М.Л.»;
- күнбағыс майын, құмшекер, күріш өнімдерін жеткізуші «Торговый дом Мейр Трейд» ЖШС.