Шымкентте аса ірі мөлшерде мефедон тәркіленді
Шымкентте полиция мефтің ірі партиясының таралуына жол бермеді. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады.
Тәртіп сақшылары «синтетиканың» 2 мыңнан астам дозасының қала аумағында таралуының алдын алды. Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады.
Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған заттар, яғни таразы, изолента, термоусадка, гриппер-пакеттер, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды.
Ер адам интернет-мессенджер арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқаны белгілі болды.
Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін 34 жастағы азамат он жылдан он бес жылға дейін бас бостағынан айырылуы мүмкін.
Полиция ескертеді: есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Шымкентте ғимарат қабырғаларынан 3 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды
Полицейлер ғимараттардың қасбеттерінде қалдырылған граффити түріндегі есірткі жарнамасын анықтау және жою бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары есірткіні насихаттайтын 3000-нан астам жазуды анықтап, жойған.
Қала аумағындағы ғимараттардың, қоршаулардың, аялдамалардың және басқа да қасбеттердің қабырғаларынан есірткі заттарын тұтынуды және өткізуді насихаттау жүзеге асырылатын интернет-ресурстардың нөмірлері мен атаулары көрсетілген граффити бүріккіш боумен өшірілді.
Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі Жолдауында:
--Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел. Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан, Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет,--деген болатын.