Есірткіге қатысты жазаларды қатайту керек

Oinet.kz 12-05-2024 472

20.jpg 

Шымкентте болашақ медицина мамандары нашақорлықтың алдын алудағы жұмыстарды қолдайды. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады.

Полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Шымкент қаласының барлық аумағында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Осы орайда, оқу жылы барысында қаладағы барлық білім беру мекемелерінде, оның ішінде мектептерде, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында жасөспірімдер мен жастар арасында арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсаттағы жұмыстарда полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, проректорлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде.

Кезекті іс-шара «Авимед» колледжінде жалғасын тапты. Онда қатысушылар болашақ медицина мамандарына көрсетілген мәселелер бойынша толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Сөз соңында студенттер аталған бастамаларды қолдайтындарын және алдағы уақытта оқуды аяқтаған соң осы бағытта бірлесіп жұмыс жүргізуге ниетті екендерін жеткізді.

Айта кетері, есірткі мәселесін жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қозғап, осыған қатысты тапмсырмалар берген болатын.

--Есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын,--деді Президент.


Шымкентте аса ірі мөлшерде мефедон тәркіленді
Шымкентте жасанды жүрек отасы жасалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу