Шымкент: Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы талқыланды

Oinet.kz 14-05-2024 578

8.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында:

--Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында

Заң үстемдігі орнықпаса және аза­мат­тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір­де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.   «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем­лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат­тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә­не әділ шешім шығару қажет,--деп атап өткен болатын.

Жуырда Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарын қосу жайы талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған аудан халқымен кездесу барысында 124 мәселе көтерілген, қазіргі таңда 64-і орындалып, 48-і жұмыс барысында, 12 мәселе 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағындағы су бұрқақтарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазір басқарма теңгерімінде 25 нысанда 37 су бұрқағы бар. Бүгінде демеушілер есебінен субұрқақтар қосылуда. Қала басшысы жауаптыларға бүлінген су бұрқақтарын қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосып, жылы маусымда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді.

Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Абдраманов «Соңғы қоңырау» бойынша қауіпсіздікті қамтуда қолға алынатын іс шараларды баяндады. Қала әкімі бұл ретте Білім басқармасының басшысына тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Бұл күндері жалпы білім беру ұйымдарында, ойын-сауық орындарында, жастар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп күшейтіледі.


Шымкент: Жаңа серуен аймағы жақында пайдалануға беріледі
«Анаға тағзым» форумы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу