«Анаға тағзым» форумы өтті

Oinet.kz 14-05-2024 546

9.jpg 

Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде Аналар күні мен “Халықаралық отбасы күніне” арналған “Анаға тағзым” тақырыбында форум өтті. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Іс-шараның мазмұнды өтуіне “Даналық” мектебі негізінде құрылған “Аналар”, “Әжелер”, “Қыздар”, “Жеңгелер” клубтарыда белсенді атсалысты.

Форумда аналардың қоғамдағы рөлі сөз болды. Жалпы, нәзіктік пен жігер, мейірімділік пен ақыл әйел азаматының бойына дарыған ерекше қасиеттердің бір бөлігі ғана. Үй шаруашылығының 3/2-н ошақ басындағы нәзік жандылар атқарады. Ең бастысы ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесі бір қолымен бесікті бір қолымен әлемді тербететін ананың аяулы алақанынан өтеді. Сондықтан, «Анаға құрмет көрсету, бәріне міндет» десті шараға жиналғандар.

Сонымен қатар, бүгінде әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында да сөз болды. Осыған орай форум аясында күйзелісте жүрген аналарға қолдау көрсетіп, психологиялық кеңес те берілді. Мектеп ұжымы ұйымдастырған мазмұнды шараға 150-ге жуық оқушылар мен 20 ата-ана қатысты.

Айта кетері, елімізде Аналар күні биыл алғаш рет тойлануда
Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке
.
2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда атап өтілуде. Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі.
«Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың рөлі ерекше, ол балаларын тәрбиелеп, бағыт-бағдар береді. Ананың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Елді мекендерде балалар мен жастарды тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін шешу үшін, Қазақстандағы әйелдерін біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар кеңесі» жұмыс істейді.


Шымкент: Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы талқыланды
Шымкент: 4 490 адам субсидияланған жұмыс орындарына жолданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу