«Жасыл аймақ» апталығында көшеттер егілді

Oinet.kz 24-04-2024 516

8.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясының «Жасыл аймақ» атты үшінші аптасы жалғасуда. Бұл апталықтың бағыты бойынша көшеттер отырғызылып, ағаш түптері әкелу керек.

Шымкентте республикалық акция басталғалы бері тазарту, абаттандыру жұмыстарымен қоса көшеттер мен түрлі гүлдер отырғызу жұмыстары да жалғасып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қала көшелерінің жағалауына отырғызылған алқызыл, сары, көк гүлдер қаланың ажарын аша түсуде.

Дегенмен, тек қана көшеттер мен гүлдер ғана отырғызылып жатқан жоқ, сонымен бірге күнделікті тазалық жұмыстары да тоқтаусыз атқарылып жатыр.

Нақтырақ айтсақ, Қаратау ауданына қарасты Тұран-1 шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Балалар ойын алаңшаларындағы жаттығу құралдары сырланды. Оған тұрғындардың өздері ынталы болып, белсене араласты.

Сонымен бірге, жастар ресурстық орталығының белсенділері де, Шымкент қалалық опера және балет театрының қызметкерлері, Қаратау аудандық коммуналдық мекемесі, тұрғындар, мектеп оқушылары да тазалық жұмыстарына қатысып, өсіп кеткен ағаш бұтақтары қырқылып, шөптер орылды.

Жалпы, республикалық сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат тұрған жерінің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу.

Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудару. Акция аясындағы игі істер жалғасатын болады. 

Айта кетері, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады және оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады. Сәуір айының 22-27 күндері «Жасыл аймақ» тақырыбымен өтетін апталық ағаш көшеттерін отырғызу, көшеттерді әктеумен ерекшеленеді.


Күн тәртібінде--өрт қауіпсіздігі
«Таза Қазақстан»: Акцияның іс-жоспары бекітілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу