«Таза Қазақстан»: Акцияның іс-жоспары бекітілді

Oinet.kz 24-04-2024 608

 acefd83372a729c57b73d5dde4c57fee.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі хабарлады.

Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.

Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыстар шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйелер, 95 аялдамалар жуылып, 1200 дана қоқыс жәшіктері (урна), 285 дана орындықтар сырланды.

Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көшелер бар.

Бүгінде аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес атқаруда.

Аталған мердігер мекемелермен 2023 жылы күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 51 348 дана жай жапырақты, 9 586 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Отырғызылған ағаш көшеттерінің биіктігі жай жапырақты ағаш көшететрі 3,5-4 метр, қылқан жапырақты ағаш көшеттерінің биіктігі 2-2,5 метрді құрайды. Салыстырмалы түрде 2022 жылы отырғызылған ағаш көшеттерінің биіктігі жай жапырақтылар 1-1,5 метр құраса, қылқан жапырақты ағаштар 0,6-0,7 метрді құраған.

2023 жылы Шымкент қаласы аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымалары қазылған. Әр аудан бойынша 20 дана су ұңғымалары қазылып, автоматты суғару жүйелері жүргізіліп, сорғы құрылғылары орнатылды.

Сонымен қатар, қысқы маусымға мемлекеттік-жекешелік әріптес тарапынан 155 арнайы техника жұмылдырылды. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға ұлғайтылды.

Жалпы инертті материалдар қоры: құм- 31594м3. тұз- 6690 тонна әзірленіп, қаланың тазалық жұмыстарына жауапты жекеше әріптестердің базаларына жеткізілді.

Арнайы техникалардың қар күреу жұмыстары бойынша әр ауданға қар күреу бағыттары әзірленіп, бекітілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қала аумағындағы магистралды көшелердегі жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары бюджет қаражатынсыз жекеше әріптестер есебінен жүргізілді.


«Жасыл аймақ» апталығында көшеттер егілді
«Жасыл аймақ»: Акцияға тұрғындар белсене қатысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу