Күн тәртібінде--жемқорлықпен ымырасыз күрес

Oinet.kz 17-04-2024 727

11.jpeg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінде қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі. Шымкент қаласында осы бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Мәселен  мегаполистегі  Тұран ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Осыған сәйкес, Тұран ауданы әкімі аппаратының басшысы Қалмырзаев Бақберді Әмзеұлының төрағалығымен жиналыс өтті.

Жиын барысында Бақберді Әмзеұлы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты айтып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнама талаптарының қатаң сақталуы, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша айрықша тоқталып өтті.
Бұдан бөлек, қызметкерлердің орындаушылық тәртібі бойынша да талқыланды.

Осы жерде айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

 – Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды. Бұл істе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешуші рөл атқарады. 2019 жылы маусымда құрылған сәттен бері аталған орган көптеген жұмыс атқарды. Оны мойындау керек. Жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі белсенді дами бастады. Атап айтқанда, жаңа құқықтық институттар, өзіне бағынышты қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін саяси және мемлекеттік тұлғалардың қызметтен кетуі, адалдыққа тексеріс, нормативтік-құқықтық актілерге жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сараптама және тағы да басқа бастамалар осы санатқа кіреді. Олардың алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз, – деп атап өткен болатын.


Алаяқтардан сақтаныңыз!
Сыздықбеков тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу