Сыздықбеков тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

Oinet.kz 17-04-2024 956

12.jpg 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі.

Президент бұған дейінгі Жолдауларында:

--Заң үстемдігі орнықпаса және аза­мат­тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір­де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.   «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем­лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат­тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә­не әділ шешім шығару қажет.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.

Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.

Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті,--дкеп атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының осы қағидасына сай бүгінде әкімдер халықпен тұрақты түрде кездесіп, талап-тілектерін тыңдауда. Мәселен жақында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков қаланың Әл-Фараби  ауданына қарасты Сәуле елдімекені, №16 шағынауданы, сондай-ақ Диваев, Бекет батыр көшелерінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Тұрғындар тарапынан жол белгілері мен жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдардың жоқтығы, суару жүйелері мен жасыл алқаптарды суару туралы  мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, азаматтар Кең-Баба саябағындағы заңсыз құрылыстарға шағымданып, саябақты ретке келтіруді, қосымша орындықтар орнатуды сұрады. Бұл ретте бірнеше көшеге бейнекамералар орнату туралы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ тұрғындарға мүлік иелері бірлестігінің қызметі және басқарудың жаңа түріне көшу қажеттігі, тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша түсіндірме жүргізілді.

Көтерілген мәселелер, ұсыныс, талап-тілектер бақылауға алынып, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.

 

 

 

 


Күн тәртібінде--жемқорлықпен ымырасыз күрес
Шымкентте «Киелі мекен» апталығы жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу