Алаяқтардан сақтаныңыз!

Oinet.kz 18-04-2024 970

 alaiaqtyq.jpg

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында:

--Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет.  Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн.

Бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды,--деген болатын. Алаяқтықпен күресте полицияға жүктеліп отырған міндет ауыр. Мемлекет басшгысы осыған байланысты Ішкі істер минстрлігінің алқа мәжілісінде:

-- Қазір көптеген азаматтарымыз алаяқтардың айласына түсіп, алданып қалып жатыр. Сондықтан құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы табанды күрес жүргізуге тиіс. Оларға ешқандай жеңілдік жасалмауы керек. Себебі алаяқтардың жасаған әрекетінен халық зардап шегуде. Өкінішке қарай, біздің жастарымыздың арасында заң сауатсыздығы кеңінен таралған, басқа сөзбен айтқанда, жастарымыз заңды білмейді, заңды сақтаудың мән-маңызын түсінбейді. Ал мұндай құқықтық сауатсыздықтың салдары өте ауыр. Мен әрбір жиында қоғамымызда заң үстемдігі болу керек, соның негізінде тәртіп болу керек деп айтып жүрмін. Полиция қызметкерлері осы қарапайым тұжырымдаманы халыққа, азаматтарға, әсіресе, жастарға жеткізуі керек,--деген болатын.

Шымкенттік тәртіп сақшылары қоғамдағы осы өзекті мәселеге, әсіресе, халықтың алаяқтардың арбауынан сақтандыруға баса мән беруде. Мәселен жуырда  полицейлер шымкенттіктерді интернет-алаяқтардан сақтануға шақыратын арнайы шара өткізді.

 Шымкент қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, мегаполис полицейлері киберқылмысқа қарсы іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Бұл жолы қоғамдық көлік жолаушыларына қырағылық таныту қажеттігі, ешбір жағдайда және қандай да бір сылтаумен белгісіз адамдарға өзінің және банк карталарының дербес деректерін хабарламау қажеттігі туралы ескертілді.

--Сақтық шаралары жайлы мәтіндер дауыс күшейткіш құрылғылар арқылы хабарланды.  Қала тұрғындарына интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтылды: банк қызметкерлерінің атынан шабуылдаушылар ақшаны шотқа аударуға көндіреді немесе смартфонға жәбірленушінің ақшасын жымқыратын қосымша орнатуды ұсынады; ал, полиция қызметкерлерінің атынан оларға қылмыс жасаған жақын туысын жауапкершіліктен босату үшін белгілі бір соманы беруді сұрайды; сондай-ақ, әлеуметтік желілерді бұзу арқылы олар сіздің атыңыздан таныстарыңызға шұғыл ақша аударуды өтініп хабарлама жібереді.

Құқық қорғау органдары күдікті нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуді, қажет болған жағдайда банкке қайта қоңырау шалуды ұсынады. Осы жағдайлардың кез-келгенінде сіз қырағы болуыңыз керек. Егер алданып қалған болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз,--делінген Шымкент қаласы Полиция департаменті таратқан мәліметте. 

 


Шымкент: 421 мүгедек жұмыспен қамту шараларына қатысты
Күн тәртібінде--жемқорлықпен ымырасыз күрес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу