Шымкент: 421 мүгедек жұмыспен қамту шараларына қатысты

Oinet.kz 18-04-2024 928

9.jpeg 

Шымкент қаласында биыл Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 1368 мүгедектігі бар азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, бүгінге дейін 421 азаматқа қатысты жоспар орындалды. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Бұл үшін жұмыс берушілерге арнайы квота бекітіліп, мекемлерде жұмысшы санына қарай 2- 4 пайыз мөлшері аралығында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуы тиіс.

 «АМАНАТ» партиясының әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту жөнінде сайлауалды бағдарламасының іске асуын бақылау үшін Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Алина Дубинина партиялық бақылау жүргізді. Алдымен Шымкент қалалық перзентханада болған партиялықтар осында арнайы квота негізінде жұмысқа қабылданған Эльмира Затыбекова және Әсел Медеубаевамен тілдесті.

Жуырда ғана жумысқа орналасқан жандар ризашылығын жеткізіп, бүгінгі жұмыс орны мен төленетін айлық жалақысына көңілі толатынын айтты.

Мұнан кейін бақылаушы топ Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінде болды. Аталған мекеме жыл басынан бері 2 мүгедектігі бар адамды жұмысқа қабылдап отыр. Бірі – аула сыпырушысы, бірі – мектеп күзетшісі. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызының айтуынша, екі азамат та өз ісіне жауапты, жүктелген міндетін ұқыпты орындайды екен.

–Біздің мектепте екі техникалық қызметкерден бөлек, 7 мүгедектігі бар мұғалім қызмет атқарады. Олардың атқарған қызметіне көңіліміз толады. Өз жұмысын аса ұқыпты орындауымен өзге әріптестеріне үлгі көрсетіп отыр, –деді №7 IT мектеп-лицейінің бас ұстазы.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына қатысқан мүгедектігі бар азаматтардың 13-і жастар практикасы бағдарламасымен, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында – 5, қоғамдық жұмыс – 97, алғашқы жұмыс орны – 19, «Күміс жас» - 32 және өзге де бос жұмыс орындарына 168 адам жолданса, «Бизнес-Бастау» жобасы шеңберінде 87 адам білімін жетілдірді


Шымкенттің туризмі Бейжіңде таныстырылды
Алаяқтардан сақтаныңыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу