Қайғылы жағдай болмау үшін...

Oinet.kz 16-04-2024 852

0047.jpg 

Шымкентте полицейлер оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндірді. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады.

Абай АПБ-ның ювеналды полицейлері Seitzhan School оқушыларына жол жүру қағидаларын үйрету бойынша сабақ өткізді.

Мектеп оқушыларына жолда қайғылы жағдай болмауы үшін қауіпсіз қозғалысының қарапайым ережелерін сақтауы қажеттігі туралы түсіндірілді. Яғни, жақын келе жатқан көліктің алдында жолды кесіп өтпеу, жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілер өтпелін пайдалану және тек бағдаршамның жасыл рұқсат беру сигналына өту, жолдың жанында ойнамау, көлік қозғалысы қарқынды көшенің жүру бөлігін кесіп өту қиын болған жағдайда мектеп инспекторының немесе мұғалімнің көмегіне жүгіну керектігі айтылды.

Сабақ соңында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша пайдалы ақпараты бар жадынамалар таратылды.

Тәртіп сақшылары кішкентай жаяу жүргіншілердің ата-аналарына баланың киімінде жарық шағылыстыратын элементтер бар болуын қамтамасыз етуді сұрайды.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді, себебі жолдағы балалардың қауіпсіздігі – ересектердің басты міндеттерінің бірі.

Шымкентте №50,47 жалпы білім беретін мектептерінің 10 және 11 сынып оқушылары арасында КР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясына оқуға түсу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Алматы академиясының кафедра бастығы Тлеубердиев Қанатбек және орынбасары Маймақов Айболат, Шымкент КПД Тұран АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі

 Ешимбетов Қанатбек, тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны

Бейсенбаев Нұржігіт, полиция аға лейтенанты Абай Айғаным қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға аталған оқу орнындағы теория және практикалық жұмыстар бойынша дәрістер мен мысалдар келтіріліп, бейнежазбалар көрсетілді.


Студенттермен профилактикалық кездесу өтті
Шымкент: Полиция есірткі жарнамаларын жойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу