Шымкент: Ауыл шаруашылығы саласында 18 жоба жүзеге асуда
Шымкент қаласында былтырғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың га құраса биылғы жылы егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, 86,0 мың тонна өнім жинау күтілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы жұмыс пен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» баспасөз конференциясында айтылды.
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығына соңғы жылдары тартылған инвестиция көлемі артқан. Биылғы жылы да осы бағытта 16 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба жүзеге асыруды жоспарлануда.
Оның ішінде 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу цехы, 2 құс шаруашылығы, 1 мал азығы, 1 жеміс/көкөніс қайта өңдеу, 1 мал бордақылау алаңы, 1 жылыжай кешені.
Сондай ақ жиын барысында жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарын да атап өтті.
Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылады, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артады.
Аталған жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% мемлекет тарапынан субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігі баяндалды.
Қала аумағындағы жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы 240 255 бас ауыл шаруашылығы жануарларына диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 1 422 815 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жоспарлануда.
Нәтижесінде 2024 жылы 40 000 бас қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, 15 000 бас агрессивті және емделмейтін аулармен ауыратын ит-мысықтар тыйым салынбаған препараттармен (эвтаназиямен) жансыздандыру және 25 000 бас қаңғыбас жануарларды кастрация-стерилизациялау жұмыстарын жүргізілетін болады.
Бүгінгі таңда, тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8.7 млрд.теңге қарастырылды.
Сонымен қатар, қала аумағында 80 ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белігленген бағада сатылуда.
Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 16 комиссия отырысы өтті.
Нәтижесінде 219 сауда субьектілерінің электрондық шот фактуралары зерттеліп, тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 128 кәсіпкерлік субьектіге ҚР ӘҚБтК 204-4 бабымен әкімшілк хаттамалар толтырылды.