Шымкент газбен 94 пайызға қамтылған

Oinet.kz 17-04-2024 917

gaz(6).jpg 

Шымкент қаласында табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы мәлім етті.

2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды.

Нәтижесінде, 49 мыңға жуық адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы 7 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тассай, Қаратөбе, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қайтпас-1) құрылыс жұмыстарын жүргізу жаспарлануда.

Шымкент қаласы аумағы боиынша 838,6 км жылу құбырлары бар: Тозу деңгейі 37%-ы құрайды. Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансалары бар.  23 қазандықтың тозу деңгейі - 30,5% құрайды.

17 сорғы стансалары тозу деңгейі -41 %.  2023 жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда: 3,2 млрд. теңгеге 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1,8 млрд. теңгеге 4,5 км жылу жүйелеріне 2 нысанға (Адырбеков, Нұрсат) қайта құру жұмыстары жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.

  Қазіргі таңда, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үйлер және 464 бюджеттік мекемелер тұрақты жылумен қамтамасыз етілуде.

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің        522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде,

2021 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.

2022 жылы 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті. Былтыр  90 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші  69 %-дан 70%-ға өсті.

2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру,  аудан әкімдіктері тарапынан       5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда.


Шымкент биыл орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайызға қамтылады
Шымкент: Ауыл шаруашылығы саласында 18 жоба жүзеге асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу