Шымкент биыл орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайызға қамтылады

Oinet.kz 17-04-2024 891

466de3ea933e98d5fbaf7fec3a1354fe_original.44693.jpg 

Шымкент қаласында бүгінгі күні 81 елді-мекеннің 79-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекенде ол кестемен беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы мәлім етті.

2023 жылы 6 нысанның  құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазіргі таңда, 81 шағын ауданның 25-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының 7 ішкі орамдық жүйенің  құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының  және 6 ішкі орамдық жүйенің  құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда сапалы электр қуатымен  81 елді мекен толық қамтылған, немесе  қамту көрсеткіші  100% құрайды. 2023 жылдың қорытындысымен 4 елді мекенде  ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алса, қалған 2 нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болатын.

2024-2025 жылдары   елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын (Сайрам, Бозарық, Құрсай, Сауле, Қайнарбұлақ) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын  атқару жоспарланып отыр. Соның ішінде Асар-2 шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылдың қараша айында басталған болатын. Аталған нысанда мердігер мекеме  «А.Мерей И К» ЖШС. Жоба құны: 1 109,4 млн.т. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Оның ішінде: 1 дана  РП 10КВ ,11 дана КТПН 10/0,4, электр қондырғыларының құрылысы аяқталды.  Қазіргі таңда, аталған мекен-жайда құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 1 150 абонент сапалы электр қуатымен қосылуға мүмкіндік алды.


Қызғалдақ-- Шымкенттің символы
Шымкент газбен 94 пайызға қамтылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу