Әлихан Бөкейхан ұлт көсемі емес

Oinet.kz 09-03-2023 1129

Screenshot_10.jpg

Соңғы уақытта осыны ойлап жүрмін. "Көсем" деген өте нашар түсінік қой. Ол ешкіммен ақылдаспай бір ұлттың немесе бір топтың атынан шешім шығара салатын адам. Көсем деген айдар Ленин, Сталин сияқты диктатор, тирандарға жарасады. Көсем деген көзі тірі Назарбаев пен Путин сияқты автократ адамдар ғой. Тек өзі шешім шығару құштар, ұмтылатын... бірінші болуға ұмтылатын, күресетін... мен білетін Әлекең өте демократ адам. Қазір Әлиханнан культ жасап, жасағысы келіп жүргеннің бәрі оның - жауы! Себебі тұлғатан культ жасау, оны автократияға итермелеу...

Мысалы үндістандықтар Гандиді "Бапу" дейді. Ұлттың әкесіне теңейді. Бізгеде бір сондай атау беру керек шығар... "ұлт шырақшысы" деген сияқты...  көсем деген сөздің өзі калька сияқты өзіме... өзім көсем болды дегенге сенбеймін... көсем болғысы келген адам Алаш идеясының басында тұра алмайды...

Сосын бүгінгі жиындардан түйгенім, көсем әрі шовинист тарихшыларды алашты дәріптеуден қуу керек. Олардың өтірігі алаш идеясын тұншықтырып барады... ондай тарихшылар ғылыми тұрғыдан жазып, алашқа тарихи тұрғыдан баға бере берсін. Тек дәріптеуден аулақ болуы керек... олардан сол оқиғалар мен факт естіп қайтасың. Сосын отырып алып алаштықтардан культ жасау... олар ол іс-әрекетімен халықты автократиялық қоғамға  жетектей түседі... культ жасаған сайын алаш деген сол екен деп ойлайды бәрі. Жоқ, Алаш - идея! Идея болғанда да, әділдік пен демократияны екі қанатындай тең ұстаған идея... Оларды біріктіргенде сол идея ғой. Сол сабақтастық жалғасу керек... әйтпесе "үйткен-бүйткен", "үйту керек, бүйту керек" деген кеңес тарихшылары стилінде тұрып алашты таныстыру ақымақтық!... алаш тұлғалары культқа емес әр адамның рухани досына айналу керек...

Алаш тұлғалары біреудің тендерлік бизнесіне айналғанын ойласаң, тіпті ішің ашиды...

Серікбол Хасеновтың Facebook парақшасынан

Қатігез бай мен тасбақа. Адамды тәубесіне келтіретін оқиға
Төрт жасар қызға айналған кәрі кемпір...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу